АЭС электр энергиясының тұрақты бағасын қамтамасыз етіп, 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге көмектеседі.
АЭС-ке қатысты жиі қойылатын сұрақтар: Неліктен Жапонияның ұсынысын қарастырмадық?
1,852
оқылды

Бұл туралы толығырақ білгіңіз келсе, төмендегі материалды оқыңыз, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты www.gov.kz-ке сілтеме бере отырып.

1. Қазіргі АЭС-терде қауіпсіздік мәселесі қалай шешілді?

Қазақстан қауіпсіздіктің ең жоғары жаһандық стандарттарын қамтамасыз ету үшін заманауи технологиялары бар жаңа буындағы АЭС құрылысын қарастырады. АЭС-тің мұндай түрін пайдаланудың әлемдік тәжірибесі алда еш тәуекел болмайтынын көрсетеді.

2. АЭС энергетикалық тұрақтылыққа қалай ықпал етеді?

Қазақстанда АЭС салу – энергетикалық тәуелсіздік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы маңызды шешім. Балқаш көлінің жағалауындағы жоба еліміздің бірнеше өңірінде энергия тапшылығын болдырмауға және импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталған. АЭС электр энергиясының тұрақты бағасын қамтамасыз етіп, 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге көмектеседі. Бұл елдің мүддесі мен Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сәйкес келеді.

3. АЭС құрылысы сыбайлас жемқорлықтың тәуекелін тудыра ма?

Қалыптасып кеткен халықаралық тәжірибеге сәйкес, АЭС құрылысын МАГАТЭ және WANO секілді беделді халықаралық ұйымдар бақылайды. Демек бұл қауіпсіздіктің ең жоғары стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді әрі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелін барынша азайтады.

4. Қазақстан АЭС салатын тарапқа тәуелді бола ма?

Қазақстанда АЭС салуға мердігерді таңдау экономикаға, технологиялық сенімге, экологиялық қауіпсіздікке және халықаралық стандартқа негізделіп жасалады. Жоба ұлттық ядролық энергетиканы дамытуға, жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Бұл – саяси емес, таза коммерциялық мәселе. Таңдалған компания яки компаниялар тобы станцияның жұмыс істеуіне қатыспайды. Тек құрылыспен айналысады.

5. Қазақстанда қажетті кәсіби кадрлар бар ма?

Қазақстанда ғылыми институттар да, жоғары білікті мамандар да бар. Сонымен қатар АЭС-ті пайдалану үшін кадрларды дайындау жұмысы белсенді жүріп жатыр. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында атом саласы үшін кадр дайындау қазақстандық жоғары оқу орындарында 5 білім беру және 2 дипломдық бағдарлама (Ядролық физика, ядролық инженерия, ядролық физика және атом энергетикасы, теориялық ядролық физика) негізінде жүріп жатыр. Сонымен қатар, Қазақстан шетелдік әріптестермен ғылыми білім беру базасын дамытып келеді. Тәжірибе алмасу және кадрлық әлеуетті арттыру үшін Франция, Ресей және Венгрия секілді елдермен бірқатар құжатқа қол қойды.

Жалпы әлемдік тәжірибеге сәйкес, орта есеппен екі блокты АЭС салу 8 мыңға дейін адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Ал АЭС-ті пайдалану кезінде жоғары және арнаулы орта білімі бар шамамен 2 мың адамнан тұратын персонал қажет. Сондықтан ядролық мамандықтар бойынша білімі бар станция қызметкерлері жалпы персоналдың шамамен 20 пайызын құрайды.

6. Электр энергиясының тарифі тұрақты бола ма?

Қазақстанда жаңартылатын энергия көзі белсенді дамып келеді. Олардың тиімділігі әртүрлі фактордың үйлесіп кетуіне тікелей байланысты. Электр желісінің тұрақтылығы үшін көмір және атом станциялары сияқты сенімді тұрақты базалық көздер қажет. АЭС құрылысы – электр энергиясының тапшылығын қысқартуға, тарифтің өсуін тежеуге, экологияны жақсартуға және энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге көмектесетін сенімді тәсіл. Өйткені көмір станциялары экологияны ластап, адам денсаулығына зиян келтіреді. Атом энергетикасы – барлық параметрдің, соның ішінде электр энергиясының құны бойынша оңтайлы таңдау.

Сонымен қатар атом энергиясы отын импортына тәуелділікті төмендетеді. Соның арқасында электр энергиясының бағасын бақылауда ұстауға болады. Ұзақ мерзімді перспективада АЭС пайдаланудың шығыны салыстырмалы түрде төмен. Бұл да тарифті тұрақты етуге ықпал етеді.

7. Неліктен АЭС-ті Алматы облысында салуды жоспарлап отыр?

Балқаш көлінің маңында АЭС-тің құрылыс алаңын таңдау кеңестік кезеңнен бері қарастырылып келеді. Қазір мамандар бұны ірі халықаралық ұйымдармен бірлесіп, кеңесіп жатыр. Оңтүстік аймақ – елдегі ең ірі электр энергиясын тұтынушылардың бірі. Алматы облысында АЭС салу өңірді тұрақты және сенімді энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ете отырып, келешектегі энергетикалық тапшылықты азайтуға мүмкіндік береді. Бұл өнеркәсіпті, инфрақұрылымды дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді. 2023 жылдың күзінде МАГАТЭ агенттігінің мамандары Балқаш көлінің маңында АЭС құрылысына кедергі келтіретін факторлар жоқ екенін тағы да растады.

8. АЭС-тің орнына көмір станциялары мен жаңартылатын энергия көздерін салу тиімді емес пе?

Көмір және газ станциялары экологияға, халықтың денсаулығына теріс әсер етеді. Осыған байланысты тұтынудың өсуін, ескі станциялардың тозуын, көмір мен газ көздеріне үнемі енгізілетін халықаралық шектеулерді ескере отырып, жаңа шешім енгізетін уақыт келді.

Оған қоса жаңартылатын энергия көзінің тұрақсыздығы оны «негізгі» деп санауға мүмкіндік бермейді. Мәселен, бұл ЖЭК-ке сүйену өнеркәсіптік өсімнің төмендеуі мен экономикалық проблемаларға әкелген көптеген елдің тәжірибесі растап отыр.

Атом энергетикасы сапалы, тиімді энергиямен қамтамасыз етудің тұрақты әрі «жасыл» нұсқасы ретінде қарастырылады. Жаһандық трендтер мен Өзбекстан сияқты көрші елдердің үлгісі жағдайында АЭС құрылысы энергетикалық дамуда тәуелділікті болдырмау үшін Қазақстанға өзекті болып отыр.

9. АЭС-ті қамтамасыз етуге уран қоры жеткілікті ме?

Қазақстан уран қоры жөнінен дүниежүзінде екінші орында тұр. Ол дүниежүзіндегі қордың шамамен 14%-ын қамтиды. 2009 жылдан бері Қазақстан әлемдік өндірістің 40%-ға жуығын өндіріп, уран өндіруде әлемдік көшбасшы елге айналды.

Елімізде 900 мың тоннадан астам уран бар, демек атом электр станцияларын алдағы ұзақ жылдар бойы отынмен қамтамасыз етеді.

Міне, сондықтан да халықаралық сарапшыларда «осындай қоры мен ғылыми әлеуеті бар Қазақстан неліктен әлі күнге дейін АЭС салмай жатыр?» деген сұрақ туындайтын...

10. АЭС жұмысынан қанша қалдық шығады?

Қуаты 1 гигаватт болатын АЭС-те шамамен 50 текше метр радиоактивті қалдықтар болады. Яғни 1-1.5 миллион халқы бар қаланы электр энергиясымен қамтамасыз ете алады. ЖЭО қуаты 200-300 мың тонна қалдық шығарады. Осылайша, АЭС көмір станцияларымен салыстырғанда, қалдықты айтарлықтай аз шығарады, бұл оларды барынша экологиялық таза энергия көзіне айналдырады. Көмір станцияларынан айырмашылығы, АЭС қалдықтарды ауаға шығармайды. Осы тұста көмірқышқыл газы мен бөлшектер сияқты зиянды заттардың шығарындыларын айтарлықтай азайтатынын айта кеткен жөн.

АЭС қалдықтары олардың түріне және технологиясына байланысты сақталуы да, өңделуі де мүмкін. Мысалы, пайдаланылған ядролық отын қалдық болып саналмайды, өйткені оны қайтадан энергия көзі ретінде пайдалануға болады.

Болашақта арнаулы реакторлар аса қауіпті радиоактивті элементтерді жоя алады, соның арқасында қалдықтарды азырақ қауіпті етеді. Ол үшін термоядролық синтез технологиялары қолданылуы мүмкін. Қалдықтар халықаралық стандарттар бойынша қайта өңделеді, сақталады. Бұл қоршаған орта мен адамдардың денсаулығына қауіп төндіретіні анық. Қазақстанның ядролық материалдармен жұмыс істеу бойынша үлкен тәжірибесі бар. Барлық қауіпсіздік шарасын сақтайды.

11. АЭС-тен қандай қауіптер бар?

Қазіргі АЭС-тегі апаттың ықтималдығы 10 миллион жылға біреуден кем, ал көмір станцияларындағы тәуекел бұдан 80 есе жоғары. Қазіргі АЭС-терде радиациялық ағып кетуге жол бермейтін қорғаныс қабықшалары бар.

Қоршаған ортаға және денсаулыққа берілетін әсер белгіленген нормадан едәуір төмен болады. Сондықтан АЭС-ті пайдалану табиғат пен адамдарға теріс әсер етпейді дейміз. Өйткені бұл әлемнің әртүрлі аймақтарында АЭС жақын тұратын халықты үнемі зерттеу бақылау арқылы дәлелденген.

12. Құрылыс жоспарланған ел мен аймақ үшін АЭС-тің қандай пайдасы бар?

Қазақстанда АЭС салу Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігінің берік негізін, елдің жаңа өнеркәсіптік және технологиялық деңгейге шығуының елеулі іргетасын қаламақ.

Сонымен қатар, «жасыл» атом энергиясы біздің бизнесімізге «лас» энергияны пайдаланғаны үшін айтарлықтай айыппұлдардан қорықпай, сыртқы нарыққа сенімді түрде шығуға мүмкіндік береді. Біздің өнеркәсіптік әлеуетіміздің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендетер еді.

Мұның бәрі мультипликативті әсер береді. Жұмыс орындарын ашады, инфрақұрылымды жақсартады, шығарындыларды азайтады және электр энергиясының тұрақты бағасын қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ АЭС аймақтың, оның инфрақұрылымының, соның ішінде жолдардың, мектептер мен ауруханалардың құрылысының қарқынды дамуына ықпал етеді.

13. Балқаш көлі үшін қандай да бір салдары бола ма?

АЭС-тің орналасқан жері осы аймақтағы электр энергиясының тапшы екенін дәлелдейді. АЭС тура көмір станциялары сияқты салқындату үшін көп суды қажет етеді, оны Балқаш көлінен алу жоспарлап отыр.

АЭС-тің айналасында жиі күнделікті өмір салтына кедергі келтірмейтін қолайлы жағдайлар жасалады; мысалы, Тайвань, АҚШ-тағы Монтиселло және Дюк Энерджи АЭС-терінде сияқты салқындатқыш тоғандарда балық өсіріліп, оны тұрғындар аулайды. Сонымен қатар АЭС-ке пайдаланылған суды Балқаш көліне тастамайды.

Балқаштан келетін салқындатуға арналған су көлдің табиғи булануының 0,5%-ын ғана құрайды. АЭС-те қолданылатын су реактормен тікелей байланыста болмайды.

14. Неліктен Жапонияның ұсынысын қарастырмадық?

Қазақстан ядролық технологияларды әлемдік жеткізушілердің 6 технологиясының техникалық-коммерциялық ұсыныстарын, оның ішінде американдық Nuscale Power (Nuscale реакторы) компаниясының және америкалық-жапондық General Electric-Hitachi (BWRX-300 реакторы) компаниясының шағын модульдік реакторларын қарастырды. Жапондық компаниялардан басқа ұсыныс түскен жоқ. Қазақстандағы алғашқы АЭС үшін пайдаланудың жақсы үлгісі бар тексерілген реакторларға артықшылық берілді. Әлеуетті жеткізушілердің «шорт-тізіміне» CNNC (ҚХР, HPR-1000 реакторы), «Росатом» (РФ, ВВЭР-1200 реакторы), «KHNP» (Оңтүстік Корея, APR-1400, APR-1000 реакторлары) және «EDF» (Франция, EPR-1200 реакторы) компаниялары кірді.

Оған қоса қазіргі уақытта шағын модульдік реакторлар референттік емес, яғни оларды пайдалану тәжірибесінің жоқ екенін атап өткен жөн. Үлкен қуатты реакторлардан айырмашылығы, перспективалы яки аз қуатты реакторлардың көбі құрылысқа рұқсат алу үшін реттеуші органдардың мақұлдауын алу сатысында не лицензиялау процесінде тұр. Алғашқы осындай реакторларды пайдалануға берудің жақын уақыты 2030 жылдан бұрын болмасы анық. Осыған байланысты бұл шағын модульдік реакторлар әлеуетті жеткізушілер тізімінен шығарылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.