Жанқош Тұраровтың үстінен 2018 жылы бұзақылық бабымен (атысқан) қылмыстық іс қозғалған.
«Жанқош Тұраров 2018 жылы істі болған»: адвокат боксшының «крышасы» туралы айтты
Фото: instagram.com/zhankoshturarov/
1,380
оқылды
Боксшы Жанқош Тұраровтан зорлық-зомбылық көрдім деген Әнару Құрманәлінің адвокаты Ләззат Ахатова іске қатысты тағы бір деректі жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
 
"Жанқош Тұраровтың үстінен 2018 жылы бұзақылық бабымен (атысқан) қылмыстық іс қозғалған. Алмалы ауданының полиция бөлімінде. Алайда іс тергеуден қысқартылып кеткен. Әнару Құрманәліқызы да дәл сол жылы арыз берген. Дәл сол Алмалы ауданы полиция бөліміне. Енді осы жерде назар аударатын жағдай. Сол кездегі Алмалы ауданы полиция бөлімінің басшысының орынбасары болған адам қазір Әуезов аудандық полиция бөлімінің (соңғы іс қаралып жатқан) басшысы. Кездейсоқтық па, әлде Тұраровтың “крышасы” ма, уақыт көрсетер. Бұл туралы Бас прокуратураға жазып жатырмыз", – деп жазды ол.
 
Еске салайық, 21 тамызда Жанқош Тұраров "қыз зорлады" деген ақпарат тарады. Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалғанын хабарлады.

Кейінірек боксшының өзі тараған ақпаратқа қатысты жауап берді.

"Үш қыз өсіріп отырған әкемін. Төсектес қыз керек болса, маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар. Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын, қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім қандай жала жауып отырғанын анықтаймын", – деп жазды Instagram парақшасында ол.

Бірнеше күн бұрын "Боксшы Жанқош Тұраров зорлады" деп айып таққан қыз тілшілерге сұхбат берді. Оның сөзінше, спортшы бірнеше жыл бойы "әйелім етіп аламын" деп алдап келген. "Ал соңғы кездесу зорлықпен аяқталды" дейді. Жәбірленуші денесіндегі көгерген жарақаттарына дейін көрсетті.

Бұған дейін Ләззат Ахатова әлеуметтік желідегі парақшасында істі тергеу барысы дұрыс жүргізілмегенін айтқан болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.