Астанада өтіп жатқан көшпенділер ойындарының қауіпсіздігін күшейтуге келген сарбаз комаға түсті.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: қауіпсіздікке жауапты сарбаз комаға түсті
Фото: istockphoto.com
9,019
оқылды

Астанада өтетін көшпенділер ойындарының қауіпсіздігін күшейтуге келген сарбаз комаға түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған ақпаратты алғаш болып facebook желісінде Алма Сайлауқызы деген қолданушы жазды.

"Көшпенділер ойынына "усиление" үшін келген жігіт тұрған жерінде құлап, комаға түсіпті. Жаңбыр астында таңнан кешке дейін тұрған сарбаз командиріне бірнеше күн бойы қызуы көтеріліп тұрғанын айтса да, тәртіп солай деп елемеген", – делінген Сайлауқызының жазбасында. 

Аталған ақпаратты қалалық Полиция департаменті растады.

"Қазіргі таңда мән-жай анықталып жатыр, қосымша ақпаратты хабарлаймыз", – деді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Эльмира Шауленова.

Айта кетейік, 8-13 қыркүйек күндері Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді. Алдын ала болжам бойынша, ойынға 2430 қатысушы, 100 мыңға жуық турист келеді. Сондай-ақ 300-400 шетелдік БАҚ қатысуға өтінім берген. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.