Азамат пен Жазира – Ақнұр, Гүлнұр, Әдина мен Медина есімді егіз қыз, Кәусар, Жасмин, Айару, Томирис және Даяна есімді тоғыз қыз өсіріп отырған бақытты ата-ана.
Тоғыз қызы бар майор желі жұлдызына айналды
Фото: instagram/police_almobl
13,671
оқылды

Алматы облысы Балқаш аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы, майор Азамат Әбдірахманов –  тоғыз қыз тәрбиелеп отырған көпбалалы әке, – деп жазды  Aikyn.kz облыстық Полиция департаментінің ресми парақшасына сілтеме жасaп.

«Азамат Әбдірахманов қызметтік міндетін адал атқарып жүрген кәсіби маман ғана емес, тоғыз қыздың бақытты әкесі. Азамат полицияға 2008 жылы келді, сол жылы оның тұңғыш қызы Ақнұр туды. Ақнұр да әкесі сияқты полицияда жұмыс істегісі келеді. Азаматтың жұбайы – Жазира балаларын тәрбиелеп, жолдасына қолдау көрсетіп отыр», - деп жазылған полиция хабарламасында.

Азамат пен Жазира – Ақнұр, Гүлнұр, Әдина мен Медина есімді егіз қыз, Кәусар, Жасмин, Айару, Томирис және Даяна есімді тоғыз қыз өсіріп отырған бақытты ата-ана.

Желі қолданушылары көпбалалы отбасыға бақыт тілеп, жылы лебізін білдіріп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.