Aikyn.kz британдық sciencefocus.com журналына сүйеніп, Жер шарындағы ең ыстық аймақтардың топтамасын ұсынады.
Біздің планетамызда ең суық Арктикадан ең ыстық Сахараға дейін экстремалды температуралар жиі тіркеліп жатады. Климаттың өзгеруі ең ыстық аймақтардың санын да көбейтіп жіберді. Төменде ең жоғары температуралар тіркелген әлемдегі ең ыстық 10 аймақтың тізімі берілді. Тізімдегі аймақтарда әрқашан ыстық болмаса да, рекордтық температуралар Жердегі орташа жылудың жоғары деңгейін көрсетеді.
Ең ыстық температура тіркелген орындардың алғашқы ондығы мынадай болды.
10. Джидда (Сауд Арабиясы): 52°C (125,6°F)
Ең ыстық жерлер тізімінде Сауд Арабиясының Джидда қаласы да бар. Фото sciencefocus.com сайтынан алынды. Авторлығы: Getty Images
Жер бетіндегі ең ыстық жерлер тізімінде 2010 жылы 22 маусымда 52°C (125,6°F) температура тіркелген Сауд Арабиясының Джидда қаласы болды. Рекорд тіркелгеннен үш күн бұрын көршілес Әл-Аша қаласында ыстық 51°C-тан асып, аймақ үшін рекордтық көрсеткіш болған еді. Ежелгі портты қала Джидда Сауд Арабиясының батысында орналасқан және Меккеге баратын негізгі қақпа ретінде қызмет етеді. Оның халқы 4,6 миллионнан асады.
9. Мехикали (Мексика): 52°C (125,6°F)
1995 жылы 28 шілдеде Мексиканың Мехикали аңғарында 52°C (125,6°F) тіркелді. Бұл – Жер шарының кез келген жерінде тіркелген тоғызыншы ең жоғары температура. Сондай-ақ алқапта ең төменгі температура -7,0ºC (19,4°F) болған. Мексиканың Төменгі Калифорния штатының солтүстігінде орналасқан бұл аймақ өзінің ыстықтығымен танымал және тіпті «Күнді ұстаған қала» деген лақап атқа ие. Шілденің орташа температурасы 42,2ºC (108°F) және қаңтардың орташа температурасы 21,1ºC (70°F) болатын Мексикадағы ең экстремалды климаттық аймақтардың бірі.
8. Әл-Жазира шекара өткелі (БАӘ): 52,1°C (125,8°F)
2002 жылдың шілдесінде БАӘ-дегі Әл-Жазира шекара өткелінде 52,1°C (125,8°F) температура тіркелген. 2013 жылдың шілдесінде аймақтағы рекордтық жоғары температура қайталанды (51,2 градус Цельсийге жетті). Мұндай жоғары температура әдетте 15 минутқа ғана созылады. Цельсий бойынша 50 градустан жоғары ауа райы адамға қауіпті саналады. 2022 жылдың шілдесінде Ұлыбританияда (Конингсби) температура 40,3°C-қа жеткенде, БАӘ-де ауа температурасы цельсий бойынша одан 10 градусқа жоғары болған.
7. Турбат (Пәкістан): 53,7°C (128,7°F)
Турбат Азиядағы ең ыстық қалалардың бірі, ол Белуджистан аймағының оңтүстік-батысында орналасқан. Фото sciencefocus.com сайтынан алынды. Авторлығы: Getty Images
Біздің тізімдегі жетінші температура 2017 жылы 28 мамырда Пәкістанның Турбат қаласында тіркелген – 53,7°C (128,7°F). Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) Турбатта тіркелген 53,7°C температураның сол уақытта тіркелген төртінші ең жоғары температура екенін растады. Турбат Азиядағы ең ыстық қалалардың бірі ретінде белгілі және Белуджистан аймағының оңтүстік-батысында, Кеч өзенінің бойында орналасқан.
6. Басра (Ирак): 53,9°C (129°F)
Таяу Шығыс – әлемнің ыстық бөлігі, бұл географиялық аймақта Цельсий бойынша 50 градустан асатын бірнеше рекордтық температура тіркелген. Ирактың Басра қаласында 2016 жылдың 22 шілдесінде ең жоғары температура 53,9°C (129°F) болды. 1,5 миллионға жуық халқы бар Басра қаласы Араб түбегіндегі Шатт әл-Араб өзенінің бойында орналасқан.
5. Митриба (Кувейт): 53,9°C (129°F)
Кувейттегі Митриба метеостансасында 2016 жылы 21 шілдеде 53,9°C (129°F) тіркелде. Фото sciencefocus.com сайтынан алынды. Авторлығы: Getty Images
ДМҰ (WMO) тіркеген және растаған бесінші ең жоғары температура Кувейттегі Митриба метеостансасында болды – 53,9°C (129°F). Бұл жоғары температура 2016 жылы 21 шілдеде тіркелді және Азиядағы ең ыстық жердің расталған рекордын білдіреді. Бұл сонымен қатар 76 жылдағы ресми түрде танылған ең жоғары температура (сол кездегі) болды.
4. Тират Зви (Израиль): 54°C (129°F)
1942 жылы 21 маусымда Израильдегі Тират Цви 54°C (129°F) рекордтық жоғары температураны тіркеді. ДМҰ Израильді Еуропаға жатқызады, сондықтан бұл елді қай жерде орналастырғаныңызға байланысты континентте тіркелген ең жоғары температура. Израиль-Иордания шекарасына жақын орналасқан Тират Цви Иордан өзенінің батысында орналасқан. 2021 жылғы жағдай бойынша оның халқы небәрі 975 адамды құрады.
3. Ахваз (Иран): 54°C (129,2°F)
Континенттегі рекордтық температура 54°C (129,2°F) Иранның Ахваз қаласында 2017 жылдың 29 маусымында жергілікті уақыт бойынша сағат 16:51 мен 17:00 аралығында тіркелді. Иранның Хузестан облысының астанасы Ахвазда шамамен 1,3 миллион адам тұрады және Ахеменидтер дәуірінен басталады. Қала өзінің тоғыз көпірімен, атап айтқанда Қара көпірмен және Ақ көпірмен танымал.
2. Кебили (Тунис): 55°C (131°F)
Африкада 1931 жылы 7 шілдеде Тунистегі Кебилиде 55°C (131°F) болды. Фото sciencefocus.com сайтынан алынды. Авторлығы: Getty Images
Африкада тіркелген ең жоғары температура 1931 жылы 7 шілдеде Тунистегі Кебилиде 55°C (131°F) болды. Бұл жер бетінде тіркелген екінші ең жоғары температура. Континенттің рекордтық жылуынан басқа, Кебили де шамамен 200 000 жыл бұрын ерте палеотикалық дәуірде Тунисте адам қоныстануының ең алғашқы үлгісі ретінде танылған. Кезінде қала маңынан көне тас құралдар табылған.
1. Furnace Creek, Өлім алқабы (АҚШ): 56,7°C (134°F)
1972 жылы 15 шілдеде Өлім алқабында топырақтың беткі қабатының температурасы 93,9°C (201°F) болған. Фото sciencefocus.com сайтынан алынды. Авторлығы: Getty Images
Жердегі ең ыстық орын – Калифорниядағы (АҚШ) Өлім алқабындағы Фурнас-Крик, онда 1913 жылы 10 шілдеде 56,7°C (134°F) температура тіркелген. Жаз айларында Өлім алқабында орташа тәуліктік жоғары температура 45°C (113°F) құрайды. Бұл тек ауа температурасы, ал топырақ бетінің температурасы әлдеқайда жоғары. 1972 жылы 15 шілдеде Өлім алқабында топырақтың беткі қабатының температурасы 93,9°C (201°F) тіркелді. Бұл судың қайнау температурасынан бірнеше градус қана төмен.
Басқа да жоғары температуралар кейінгі жылдары мәлімделді, бірақ расталмады. Жер тәжіндегі ең ыстық нүктеге үміткерлердің бірі 1922 жылы қазіргі Ливия аумағында 58°C (136° F) болған ыстық. Алайда 2012 жылы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым деректер «қате жазылған» және қателік Цельсий бойынша жеті градус шамасында деген қорытындыға келген.
Міне, әлемнің бір аймақтарында жаз айларында аптап ыстық болса, басқа аймақтар жауын-шашыннан зардап шегуде. Мұндай құбылмалы ауа райы алдағы онжылдықта күшейетін болса, адам баласына климаттық өзгерістерге бейімделу қажет болары анық.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.