Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнайы спорт делегациясын жібергені үшін Әзербайжан Президентіне алғыс айтты.
Мемлекет басшысы Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті
414
оқылды

Қазақстан Президенті стратегиялық серіктестік рухын­да дамып келе жатқан екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қарқынын жоғары бағалады. Осы орайда қыркүйек айының соңында өтетін Әзербайжанның Қазақстандағы мәдениет күндері халықтар арасындағы бірлікті бекемдеуде маңызды рөл ат­қаратынына тоқталды.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзер­байжандағы Парламент сайлауының табысты өтуімен құт­тықтап, саяси науқанды Қазақстанның өкілдері де ба­қы­лағанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Әзербайжан мен Арменияның бейбіт келісімге келуі үшін Қазақстан тарапының алдағы уақытта да Алматы алаңын келіссөздерге ұсынуға дайын екенін растады.

Өз кезегінде Ильхам Әлиев Бакудің Астанамен екіжақ­ты қарым-қатынастың барлық бағыты бойынша ынтымақ­тастықты одан әрі нығайту үшін күш-жігер жұмсауға ниетті екенін жеткізді.

Әңгімелесу достық рәуіште өтті.