2021 жылы 1 доллар 451 теңге болуы мүмкін
2021 жылы 1 доллар 451 теңге болуы мүмкін
© inbusiness.kz
247
оқылды
Соңғы 3 күнде 3,6 пайызға дейін құнсызданған төл валютамыздың АҚШ долларына шаққандағы бағамы келесі жылы 451 теңге болуы мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business. MUFG, яғни, Мицубиси файнаншал групп компаниясының сарапшылары ұсынған болжамға сүйенсек, екінші тоқсанда доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 387, одан кейін 392, жыл соңында 398 болады. Ал келесі жылы ол 451-ден бастап, екінші тоқсанда 473-ке дейін қымбаттайды. 2 жылдан соң 538-ге жетуі ықтимал. Естеріңізге салайын, бұл – жапондардың банк және қаржы холдингі сарапшылары ұсынған ақпарат. Дәл қазір доллардың бағамы - 394 теңге 87 тиын. Екінші деңгейлі банктердің айырбастау пункттерінде көк қағаз 396-ға сатылып жатыр. Теңгенің Еуроға шаққандағы бағамы  жыл соңына дейін 433-458 аралығында болады. Келесі жылы 464, 2022 жылы ол 555-тен – 568-ге дейін көтеріледі. Мұнай қымбаттағалы бері Еуро 15 теңге 96 тиынға қымбаттады. Қазір айырбастау пункттерінде ол 448 теңге 13 тиынға сатылып жатыр. https://www.youtube.com/watch?v=mLCY9EiMT-Q&feature=emb_logo