Ол тұрмысқа шыққан әрбір келіншектің жеке пәтері болуы керек деп санайды.
Белгілі блогер әйелдерге күйеуінен бөлек тұруға кеңес берді (видео)
Фото: видеодан кадр
820
оқылды

Блогер Ақбота Әнуарбектің желіде тағы бір видеосы тарап, қызу талқыға түсті, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол  тұрмысқа шыққан әрбір келіншектің жеке пәтері болуы керек деп санайды. 

«Тұрмысқа шыққан кезде бөлек пәтерде тұратын едім. Неге? Еркек сенен жалығып кетпеуі керек. Сағынысып, көрісу керек. Дефицит тудыруың керек, сені қалайтындай, күтетіндей. Қасына отырып алып, быт-шыт болып, жаман халатпен, шашың май-май болып, күтінбей, бәріне ашулы, баладан өшін алатын әйел болмай, «шаршадым ба, кеттім үйіме» деп жалғыз өзім барып, демалып келіп, күшті болып, күтім жасап қайтадан келетін едім едім», - дейді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.