Бүгін ауа райы қандай болады?
Жел күшейіп, тұман түседі: 11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
696
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ел аумағының басым бөлігі жауын-шашынсыз ауа райын анықтайтын антициклонның ықпалында болатынына қарамастан, атмосфералық фронтальды бөлімдер де елдің ауа райына әсер ететін болады. Жекелеген аудандарда жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі және таңертеңгі сағаттарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі. Елдің батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жел күшейеді деп күтілуде.

Ұлытау облысында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, Қарағанды облысының шығысында, Алматы облысының орталығында күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.