Шетелдік Астанаға Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысу үшін келген.
"Ұлы Астанаға кетіп, көмек сұраған": Ұлыбритания тұрғыны полицияға жүгінген
Фото: Астана ПД
551
оқылды

Ұлыбритания тұрғыны ұлын жоғалтып, Астана полициясына жүгінген. Айтуынша, жас жігіт байланысқа шықпай қалған, кейін көмекке шақыру туралы белгі жіберген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Астана полициясынан хабарлағандай, шетелдік Астанаға Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысу үшін келген.

"Англиядан келген жас жігіт аяқ астынан байланысқа шықпай қалғанына ана-анасы алаңдаған. Хабарлама түсісімен полицейлер дереу іздеу жұмыстарына кіріскен. Жедел-іздестіру шаралары кезінде олар 29 жастағы шетелдіктің 2 күн бойы байланысқа шықпағанын анықтады. Ол осы уақытта қонақүйде болған", - деп хабарлады полициядан.

Полиция шетелдіктің SOS белгісін байқаусызда жіберіп қойғанын анықтады. Әкесі видеоүндеу арқылы туристік полицияға және Қазақстан тұрғындарына алғыс айтты. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.