Шымкент қаласының орташа қауіпсіздік мекемесінде қорқытып ақша алғаны үшін жазасын өтеп жатқан азамат қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сотталғанды бұрын асқазан ауруына байланысты бірнеше рет медициналық мекемелерге апарған.
5 қыркүйекте ол тағы ауырып, Шымкент қаласының медициналық мекемесіне емделуге жіберілген.
7 қыркүйекте қайтыс болды.
«Өлімнің нақты себебін сот-медицина сараптамасының нәтижесі көрсетеді. Қорытындысы бізге әлі келіп түскен жоқ», – деп хабарлады қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта жеке қауіпсіздік тобы өңірдің денсаулық сақтау өкілдерімен бірлесіп, осы оқиғаның бүкіл мән-жайын тексеріп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.