Қазақстан ұлттық құрамасының еншісінде 114 медаль, оның 44-і – алтын, 33 күміс, 37 қола жүлде.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы үздік атанды
Фото: ұлттық және ат спорты түрлері орталығы
736
оқылды

Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орынға ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ұлттық және ат спорты түрлері орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Қазақстан ұлттық құрамасының еншісінде 114 медаль, оның 44-і – алтын, 33 күміс, 37 қола жүлде.

Командалық есепте екінші Қырғызстан екінші орында тұр. Жиыны 64 медаль, оның 18-і алтын, 21-і күміс, 25 қола жүлде.

Үшінші орында Өзбекстан тұрақтады. Жалпы 34 медаль еншілеген, оның 11-і алтын, 12-сі күміс, 34-і қола жүлде.

Еске сала кетсек, соңғы жарыс күнінде ұлттық құрама спортшылары 11 алтын, 9 күміс, 9 қола жүлде жеңіп алды.

«Қазанат» ипподромында өткен бәйгеден Қазақстан 18 жүлдеге ие болды: 6 алтын, 7 күміс, 5 қола.

Ұшқыр бәйге 1 600 метр:

1-орын: Шағала, шабандоз – Рамазан Табылдиев, бапкері – Нұржігіт Табылдиев, ат иесі – Тілек Мұқанбетқалиев (Қазақстан);

2-орын: Арлан, шабандоз – Мырзабек Қаппышев, бапкері – Тұрғанжан Юлдашев, ат иесі – Мерхат Бұлғынов (Қазақстан);

3-орын: Струна, шабандоз – Расул Алпысбай, бапкері – Есбол Нұрасылов, ат иесі – Асылан Жиембет (Қазақстан).

Ұшқыр бәйге 2 400 метр:

1-орын: «Берил Рэйсер», шабандоз әрі бапкері – Асланбек Байкенов, бапкері Байкенов Асланбек, ат иесі – Бахтияр Байзаков (Қазақстан).

2-орын: «Адай», шабандоз – Мырзабек Каппушев, бапкері – Нұржігіт Табылдиев, ат иесі – Тілек Мұқанбетқалиев,(Қазақстан);

3-орын: «Роузлайн», шабандоз әрі бапкері – Дәурен Жүсіпов, ат иесі – Қарабай КФХ (Қазақстан);

Ұшқыр бәйге 3 200 метр:

1-орын: «Лайф’с Э Бриз», шабандоз – Мырзабек Каппушев, бапкері және ат иесі – Нұржігіт Табылдиев (Қазақстан);

2-орын: «Уэст Кост Найт», бапкері  – Жүсіпов Дәурен, ат иесі Жүсіпов Дәурен ат иесі Қарабай КФХ,(Қазақстан);

3-орын: «Аляска Тайгер», шабандоз әрі бапкері – Рамазан Табылдиев, ат иесі – Нұржігіт Табылдиев (Қазақстан).

Жорға 9 шақырым:

1-орын: «Чиксон Лок». Шабандоз  – Жайлообек уулу Чубан, бапкері – Жайлообек уулу Чубан, ат иесі – Жақыпбек Қарыпбеков (Қырғызстан);

2-орын: «Ақ-жауын». Шабандоз – Ербұлан Тілеуғалиұлы, бапкері – Шабдан Алмазбекұлы, ат иесі – Қымбат Тілеуғалиұлы (Қазақстан);

3-орын: «Императрица». Шабандоз – Нурэл Иранов, бапкері – Жайлообек уулу Чубан, ат иесі – Омурбек Бабанов (Қырғызстан).

Құнан бәйге 11 шақырым:

1-орын: «Қамысқұлақ», шабандозы – Әмір Серік, ат иесі – Біржан Шаймерденов, бапкері – Қуаныш Шақанбаев (Қазақстан)

2-орын. «Айшуақ», шабандозы – Аңсар Арыстанбек, ат иесі – Алтынбай Қасым, бапкері – Жамбыл Бөбекбай (Қазақстан)

3-орын. «Бақторы», шабандозы – Ділнұр Нұрмұқаш, ат иесі – Айбек Бейісбаев, бапкері – Әділет Ноқатай (Қазақстан).

Топ бәйге 18 шақырым:

1-орын: «Холибой», шабандозы Бақтыбай Сержан, бапкері Медет Ералимов, ат иесі Еділ Бұралқиев (Қазақстан);

2-орын: «Зымыран», шабандозы Арнат Мұратхан, бапкері Табылдиев Нұржігіт, ат иесі Табылдиев Нұржігіт (Қазақстан);

3-орын: «Кемеңгер», шабандозы Жанболат Марден, бапкері Саламат Ахметов, ат иесі Бекболат Серікбеков (Қазақстан).

Аламан бәйге 25 км шақырым:

1-орын: «Айқабақ», шабандоз – Аңсар Арыстанбек, бапкері – Сапарғали Сатпаев, ат иесі – Жамбыл Бөбекбай (Қазақстан);

2-орын: «Жұмыртұяқ», шабандоз – Хамза Аманкелді, бапкері – Марат Ақберлинов, ат иесі – Марлан Бектенов (Қазақстан);

3-орын: «Қара қыз», шабандоз – Элесов Нурэл, бапкері – Керимбеков Нурбек, ат иесі – Сырғақ уулу Изат (Қырғызстан).

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.