Ақтүтек боран қайта оралады
Ақтүтек боран қайта оралады
193
оқылды
«Қазгидромет» РМК республикада ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. Синоптиктер Нұр-Сұлтан қаласы мен бес облыста күн құбылатынын айтып отыр. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Сондай-ақ Ақмола облысы­ның кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын күті­леді. Түркістан облысының кей жерлерін түнде тұман басып, күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады. Қызылорда облысының кей жер­лерінде тұман сақталады. Оң­түс­тік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғып, таңертең және күндіз оның күші кей жерлерде 15-20 м/с жетуі ықтимал. Қостанай өңі­рінде тұман, көктайғақ, бұрқасын көтеріледі деп болжанып отыр. Желдің екпіні кей жерлерде 15-20, 23-28 м/с артуы мүмкін. Сонымен бірге Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде бұрқа­сын соғады.  

P.S.

Боранды күндері ескертуге қарамай, жолға шығып кеткен жүргізушілерге айыппұл салынуы мүмкін. Ішкі істер министрлігі заңға осындай жаңа норма енгізу мәсе­лесін талқылап жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін журна­лис­терге берген жауабында Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдай­лар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлімдеді. Ол бұл ережені Әкімшілік жауапкершілік кодексі­не енгізу ұсынылғанын атап өтті.

  Бауыржан БАЗАР