АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трампқа тағы да қастандық жасалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz New York Post-қа сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, АҚШ-тың құпия қызметі Трамп Флорида штатындағы Вест-Палм-Бичтегі гольф-клубынан шығып бара жатқан кезде атыс болғанын анықтаған.
Экс-президенттің ресми өкілі Стивен Ченг оның қауіпсіз жерде екенін айтты.
– Трамп атыстан соң қауіпсіз жерге орналастырылды. Әзірге басқа ақпарат жоқ, - деді Ченг.
Кейін екі адамның Уэст-Палм-Бичтегі Trump International Golf Course-тің маңында атысқаны белгілі болды. Ресми ақпаратқа сүйенсек, олар бір-бірін көздеген, яғни, оқ Трампқа бағытталмаған делінген.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.