Бүгін ауа райы қандай болады?
Үсік, жаңбыр, күшті жел: 17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
3,340
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгін республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында фронтальды бөліктердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Ел аумағының басым бөлігінде жел екпіні күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл болады. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі.

Абай облысының шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысында, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысында, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының солтүстігі мен шығысында, Жетісу облысының таулы аудандарында сынап бағаны 1-4 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.

Ақтөбе, Ұлытау облыстарында, Жетісу өңірінің батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда өңірінің солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қарағанды өңірінің батысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды өңірінің шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай өңірінің оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе өңірінің оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.