Бұл компания электрлі көліктер шығаратын емес, жасанды интеллект/роботехника компаниясы ретінде дамитын болады. Оның басшысы суперкомпьютерлерді өндірісте қолдануға шешім қабылдады.
Бұл жаңа Tesla-ны тек Dojo суперкомпьютері жүргізе алады (ВИДЕО)
Dojo суперкомпьютері автономды жүргізудің миы болады. Фото futuroprossimo.it сайтынан алынды
636
оқылды

CNBC телеарнасы жасанды интеллектің дамуындағы тағы бір бағытты атады. Aikyn.kz бұндай дамудың технологиялық сипатын талдайды.

Қаңтар айында Илон Маск X желісінде Tesla-ны автокөлік компаниясы емес, жасанды интеллект/роботехника компаниясы ретінде қарастыру керек деп жазды. Осыған сәйкес, миллиардер алдына жаңа мақсат қойды – суперкомпьютерлер жасау. Осылайша Tesla компаниясы мен оның жаңа жасанды интеллект стартапы xAI-тің бас директоры ретінде, технологиялық титан жасанды интеллекті өз бизнесінде қолдану туралы үлкен жоспарлар құруда.

Tesla-ның Dojo деп аталатын суперкомпьютері бұл трансформацияның ортасында тұратын болады.

Ал Нью-Йорк штатындағы Буффало қаласында жеке тапсырыс бойынша жасалатын суперкомпьютерге Tesla 500 миллион доллар жұмсауды жоспарлап отырғанын жариялады. Tesla сонымен қатар Остиндегі (Техас штаты) компанияның бас кеңсесінде Cortex деп аталатын тағы бір суперкомпьютерлік кластерді салуда.

Tesla-ның Dojo суперкомпьютері трансформацияның ортасында тұрады. Фото bim-portal.ru сайтынан алынды

Dojo суперкомпьютері Tesla электрлі көліктері түсірген үлкен көлемдегі бейнелер мен деректерді пайдалана отырып, ЖИ үлгілерін өңдейді және үйретеді. Мақсат – Tesla компаниясының Autopilot деп атайтын жүргізушіге көмек көрсету мүмкіндіктерінің жиынтығын және сенімдірек толық өзін-өзі басқару (Full Self-Driving, FSD) жүйесін жақсарту. Қазір Tesla компаниясының FSD мүмкіндіктеріне жазылу айына $99 тұрады және бұл жүйе жүргізушінің қатысуынсыз жолақты автоматты өзгерту, көлікті тұраққа қою, бағдаршамдар мен тоқтату белгілерінде автоматты тоқтатуды қамтиды.

«Олар 5 миллионнан астам көлік сатқан. Бұл көліктердің әрқайсысында әдетте сегізден астам камера орнатылған. Егер сіз бұл көліктер туралы ойласаңыз, айталық, жылына орта есеппен  10 000 миль жүрсе, олар осы уақытта түсірілген барлық видеоны Tesla-ға қайта жібереді. Сонымен олар бұл видеолар базасымен не істей алады? Әрине, олар толықтай автономды жүргізуді дамыта алатыны анық және олар жақындап келеді», – дейді Futurum Group бас технологиялық кеңесшісі Стивен Диккенс.

IBM, NVIDIA, Mellanox және Sierra компаниялары бірігіп жасаған Теннессидегі Оак-Ридж ұлттық зертханасының суперкомпьютері. Фото habr.com сайтынан алынды

Атауларына қарамастан, Autopilot та, FSD де Tesla көліктерін автономды етіп жасамайтынын және жүргізушінің белсенді бақылауын талап ететінін Tesla өз веб-сайтында мәлімдеген. Tesla өзінің Autopilot және FSD жүйелерінің мүмкіндіктерін жалған түрде жарнамалады деген айып тағылып, компания реттеушілер тарапынан мұқият тексерілген еді. Кейбір сарапшылардың пікірінше, толық автономияға қол жеткізу Tesla үшін өте маңызды, өйткені, компанияның басты мақсаты – роботаксиді нарыққа шығарумен байланысты.

Tesla роботаксиін іске қосу қазан айының басына шегерілді. Фото fainaidea.com сайтынан алынды

Компания өзінің табыстары туралы соңғы есебінде әлсіз нәтижелер туралы хабарлады және автономды көлік технологиясымен жұмыс істейтін басқа автомобиль өндірушілерді артта қалды. Олардың ішінде Alphabet АҚШ-тың бірнеше қалаларында толық автономды таксилерді коммерциялық қолданысқа енгізген Waymo компаниясы, GM Cruise және Amazon Zoox бар. Ал Қытайда Tesla-ның бәсекелестері Didi мен Baidu кіреді.

Маск болса 2023 жылдан бері Tesla-ның тапсырыстарын орындап келетін Dojo мұны өзгертеді деп үміттенеді. Бастапқыда тамыз айына жоспарланған Tesla роботаксиін іске қосу шарасы енді қазан айының басына шегерілді.

Dojo суперкомпьютері Tesla-ның адам тәрізді роботы Optimus-ты үйрету үшін де пайдалы болуы мүмкін. Фото habr.com сайтынан алынды

Dojo суперкомпьютері келесі жылдан бастап компанияның басқа зауыттарында қолдануды жоспарлап отырған Tesla-ның адам тәрізді роботы Optimus-ты үйрету үшін де пайдалы болуы мүмкін. Маск Tesla осы жылы ЖИ-ге 10 миллиард доллар жұмсауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Маск сонымен қатар өзінің жаңа жобасы xAI үшін суперкомпьютерлерді пайдаланбақшы. Маск OpenAI, Microsoft және Google жасаған ЖИ құралдарына балама ретінде өзінің Grok чат-боты сияқты үлкен тіл үлгілері мен басқа ЖИ өнімдерін әзірлеу үшін 2023 жылы xAI стартапын ашқан болатын.

OpenAI негізін қалаушылардың бірі болғанына қарамастан, Илон Маск 2018 жылы OpenAI-дан кетіп, содан бері осы компанияны ең қатал сыншыларының біріне айналды. Маусым айында xAI Grok чат-ботын оқыту үшін Теннесси штатының Мемфис қаласында суперкомпьютер құрастыратынын хабарланды. Қыркүйек айының басында Илон Маск Мемфис суперкомпьютерінің Colossus деп аталатын бөлігі іске қосылғанын хабарлады.

Бұның бәрі жасанды интеллект технологиялары үшін үлкен есептеу аппараттарының өзектілігі күн өткен сайын өсіп кел жатқанын көрсетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.