Қыркүйекте Hyatt, Marriott және Hilton қонақүйлерінің қызметшілері жалақыны көтеруді, жұмыс жағдайын жақсартуды талап етіп ереуілге шықты. Олардың талаптары орынды ма?
Ірі қонақүйдің қызметшілері ереуілге шықты
13 500-ден астам қонақүй қызметшісі жұмыс орындарын тастап кеткен. Фото labornotes.org сайтынан алынды. Авторы: Marc Wutschke
679
оқылды

Aikyn.kz бұл ереуілдердің түпкі себептерін Quartz сайтының хабарламасына сүйеніп талдайды.

Сан-Францискода 1500-ден астам қонақүй қызметшісі Hilton отелінен жалақыны көтеру мен жұмыс жағдайын жақсартуды талап етіп, ереуілге шықты. Фото nytimes.com сайтынан алынды

Дүйсенбіде (23 қыркүйек) Сан-Францискодағы 1500-ден астам қонақүй қызметшілері Hilton отелінен жалақыны көтеру мен жұмыс жағдайын жақсартуды талап етіп, ереуілге шықты. Дүйсенбі күнгі акция 1 қыркүйектен бері негізінен қысқа мерзімді ереуілдерге шыққан Unite Here кәсіподақ мүшелерінің бір айлық науқанының бір ғана бөлігі болды.

Соңғы үш аптада Массачусетс, Коннектикут, Гавайи, Вашингтон және Калифорния штаттарында 13 500-ден астам қонақүй қызметшілері жұмыс орындарын тастап кеткен. Hilton San Diego Bayfront отелінің 720 қызметшісі 1 қыркүйектен бері мерзімсіз ереуіл жариялаған.

«Мен ереуілге шықтым, өйткені мен отбасымды асырау үшін екі жұмыста жұмыс істеуім керек. Мен өз жұмысымды жақсы көремін және ереуілге шығу мен үшін оңай болған жоқ, бірақ отбасым үшін осыны істеуім керек», – дейді он жыл бойы Hilton San Francisco Union Square отелінің қызметшісі болып жұмыс істеген Цзинь Лин Си.

Қызметшілер COVID кезіндегі қысқартылған орындарды қайта қалпына келтіруді талап етуде. 2019 Фото latimes.com сайтынан алынды. Авторлығы: Los Angeles Times / Genaro Molina

Джин атты қызметші Hilton-дағы жұмысы барлық шығындарды өтемейтінін айтады: «Мен әрқашан отбасылық бюджет туралы алаңдаймын. Менің балаларым орта мектепте оқиды, мен болашақта олардың колледждегі оқуының ақысын қалай төлейтінімді білмеймін. Қазір жағдай қиын, бірақ біз бірге күрескенде жақсы нәтижеге қол жеткізе алатынымызды білемін».

Unite Here кәсіподағының халықаралық президенті Гвен Миллс «қызметшілер COVID пандемиясынан туындаған қысқартулар мен қонақүйдегі басқа да қызметтердегі жұмысшылардың қысқартылуын қайта қалпына келтіруді талап етеді» дейді. 2019 және 2022 жылдар аралығында қызметшілер саны 13%-ға қысқарған.

«Қонақүйлер мен қонақүй қызметшілері пандемия кезінде зардап шекті, бірақ қазір қонақ үй индустриясы рекордтық пайда көріп отыр. Бұл үлкен қонақүй корпорациялары COVID кезіндегі қысқартуларды кері қайтарып, бізге өмір сүруге жеткілікті жалақы, қолжетімді денсаулық сақтау мен денсаулыққа зиян емес жұмыс жүктемесін бере алады», – дейді Миллс.

 

Hyatt Quartz-ке берген жауабында отель «нарықта бәсекеге қабілетті жалақы мен жеңілдіктер ұсыну дәстүрін» бұзбайтынын мәлімдеген.

«[...] Hyatt компаниясы біздің қызметкерлер мүше барлық кәсіподақтармен, соның ішінде Unite Here Local 2-мен жұмыс істеуді жалғастырады. Hyatt адал ниетпен келіссөздерді жалғастыруға дайын болған кезде Unite Here Local 2 қайтадан ереуілге шығуға шешім қабылдағанын түсінбейміз», – дейді Америкадағы Hyatt қонақүйлерінің еңбек қатынастарының басшысы Майкл Д'Анжело.

Батыс елдерінде еңбек қатынастарын реттеуде, жұмысшылардың құқығын қорғауда кәсіподақ ұйымдарының мүмкіндіктері де, ықпалы мен беделі де жоғары. Ал біздің елімізде заңның орындалуын талап етуде кәсіподақ емес, ресми билік органдарының ынтасы күштірек. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.