Биыл 1 қазанда Қытай Халық Республикасының құрылғанына 75 жыл толады.
Қытай кедейліктен қалай құтылды?
Фото: istockphoto.com/ru
942
оқылды

Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо осы жылдар ішінде ел экономикасы қарыштап дамығанын айтты. 

Оның айтуынша, 1952 жылы Қытайдың жалпы ішкі өнімі небәрі 67,9 миллиард юань болса, 2023 жылы ол 126 триллион юаньнан асып, әлемнің екінші ірі экономикасы атанып, 223 есе өсіп, орташа жылдық өсу қарқыны 7,9% болды. Жан басына шаққандағы жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) 13 400 АҚШ долларына жетті. 

Қытайдың 1979-2023 жылдары жаһандық экономикалық өсімге орташа жылдық үлесі 24,8%-ге жетті. 

"Қытайдың жалпы астық өндірісі 1949-2023 жылдар аралығында 5,1 есе өсті. Жарма, ет, шай, жеміс-жидек және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша дүниежүзінде бірінші орынға шықты. Өңдеу өнеркәсібі де 14 жыл бойы алда келе жатыр. 2023 жылы Қытайдың автомобиль, ұялы телефон, өнеркәсіптік роботтар мен интегралдық микросхемалар өндірісінің көлемі сәйкесінше 30,11 миллион, 1,57 миллиард, 430 мың және 351,4 миллиардқа жетіп, әлемде үздік атанды", – деді Чжан Сяо. 

2023 жылы Қытай-Еуропа жүк пойыздарының жылдық саны 17 мыңнан асып, қызмет көрсету желісі Еуропа мен Азияның барлық дерлік аумағын қамтыды. Әлемдегі ең үлкен және ең технологиялық 5G желісін құрды.

Қытай әлемдегі ең ірі 100 ғылыми-технологиялық инновация кластерінің саны бойынша әлемде бірінші орынға шықты.