Оқиғаның барысы бейнежазбаға түсіп қалған.
Талдықорғанда балабақша тәрбиешісі бүлдіршінді ұрып-соққан
Ашық дереккөз
363
оқылды

Талдықорғанда балабақша тәрбиешісі баланы ұрып-соққаны бақылау камерасына түсіп қалды, -  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бейнежазба әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

«Баланы ұрған. Мұндай қызметкерлердің болатыны өкінішті», – делінген бейнеролик сипаттамасында.

Жетісу облысының прокуратурасы бұл факт бойынша Талдықорған қаласының Полиция басқармасы іске кіріскенін хабарлады.

Бұл факт облыс прокуратурасының бақылауында.