Аталған дерекке қатысты іс Жарма ауданының сотында қаралды.
Бетінен ұрып, жүксалғышқа салып алған: Абай облысының тұрғыны бұрынғы әйелін ұрлап кетті
Fresh Auto
524
оқылды

Абай облысының тұрғыны бұрынғы әйелін ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қалбатау ауылында бұрынғы әйелімен жанжал кезінде ер адам оның телефонын сындырып, бетінен ұрған. Кейін күштеп жүксалғышқа салып, көлігімен алып кеткен. 

Прокурор күдіктінің іс-әрекетін Қылмыстық кодекстің 125-бабы 1-бөлігі ("Адам ұрлау") бойынша қарастыруды сұраған. Себебі жәбірленушінің өміріне қауіп төнбеген дейді. Өз кезегінде әйел бұрынғы күйеуін кешіретінін және соттан қатаң жаза тағайындамауды өтінген. 

Ал күдікті істеген әрекеті үшн өкінетінін айтып, жазаға тартпауды сұрапты. 

"Сот үкімімен Е. кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі түзеу мекемесінде өтейді", – делінген сот хабарламасында.