Әнару Құрманәлі есімді ару «Жанқош Тұраров зорлады» деп шағым түсірген болатын.
Боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі өзін Әнару Құрманәлі күндіз-түні аңдып жүргенін айтты
Фото: instagram.com/ klarita_os
1,440
оқылды

Боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса өзін Әнару Құрманәлі күндіз-түні аңдып жүретінін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.  

Айта кетейік, Әнару Құрманәлі есімді ару «Жанқош Тұраров зорлады» деп шағым түсірген болатын.

«Түнімен, Құдайдың құтты күні осындай қоңыраулар келеді Әнарудан. Не әңгіме айтатынын естігілеріңіз келе ме? Қыздың бұндай қырын көрсету тіпті ұят әрі аянышты. «Зорланған» ару есікті күзетіп, тоқтаусыз хабарласа ма? Уақыты келгенде барлығын көрсетеміз. ...«Жанқоштың үйленгенін білмедім, танымадым» дегені естеріңізде ме? 1 пост, 1 сторис қалдырмай реакция жіберіп, бақыт тілеп, бізге қалай қызығатыны жайлы жүрекжарды пікір жазып келген екеуміздің де парақшамызда», - деп жазды Клара Иса әлеуметтік желіде.

 

Айта кетейік, танымал боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінді.

Жанқош Тұраров өзіне тағылған айыптан кейін мәлімдеме жасады.

Боксшы Жанқош Тұраровқа зорлады деп айып таққан қыз болған жағдайды  айтып берді. Әнару Құрманәлінің сөзінше, спортшы бірнеше жыл бойы "әйелім етіп аламын" деп алдап келген. 

Боксшы Жанқош Тұраров «зорлады» деген Әнару Құрманәлі танымал композитордың қызы болып шықты.

Жанқош Тұраров журналистер жиналған баспасөз мәслихатына өзі келмей, адвокатын жіберген.

Жанқош Тұраров "зорлады" деген Әнарудың құрбысы тың дерек айтты.

«7 жыл бойы қызыңды ойыншық етсе көрер едім»: боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі сынға қалды.

Әнарудың адвокаты тағы бір сұмдықтың бетін ашты.

Боксшы Жанқош Тұраровтың 28 қыркүйектегі жекпе-жегі өтпейтін болды.

 Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.