Автокөлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды.
Петропавлда 17 жастағы жасөспірімді жаяу жүргіншілер жолағында жүк көлігі қағып кетті
avtouristspb
399
оқылды

Петропавлда жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 17 жастағы жасөспірімді жүк көлігі қақты, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің  ҚазАқпаратқа берген мәліметінше, оқиға Петропавлдағы Жамбыл және Челюскин көшелерінің қиылысында болған. 

"ЗИЛ КО-510" жүк көлігінің 49 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан облыс орталығының 17 жастағы тұрғынын қағып кетті. Түрлі дене жарақатын алған жасөспірім жедел жәрдем көлігімен емдеу мекемесіне жеткізілді.

Жүргізуші медициналық куәландыруға жіберілді, алдын ала мәлімет бойынша,  мас емес.

Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

СҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірім облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылған, жағдайы ауыр.