Облыстық Полиция департаменті оқиғаны растады.
Алматы облысында 14 жасар қыз көз жұмды: полиция мән-жайды айтты
Фото: istockphoto.com
742
оқылды

Әлеуметтік желіде 14 жасар қыздың көз жұмғаны туралы ақпарат тарады. Қайғылы жағдай туралы Өтеген батыр ауылының тұрғындары айтқан,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық Полиция департаменті оқиғаны растады. 

"Осы факті бойынша Талғар ауданы полицейлері қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.  Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Тергеу жүргізіліп жатыр",  деді ведомстводан.

Айта кетейік, бұған дейін екі оқушы қыз Алматыда биік үйден құлап, көз жұмды. Олардың бірі эколог Евгений Мұхамеджанов пен суретші Балқия Мұхамеджанованың қызы екені туралы жазған болатынбыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.