Референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан астамы дауыс берсе, референдум өтті деп есептеледі.
Референдум жергілікті қоғамдастықтардың мүддесі мен пікірін ескеруге мүмкіндік береді
243
оқылды

Атом электр стансасын салу бойынша референдум өткізу мемлекет өміршеңдігінің көрсеткіші саналады және оның демократиялық принциптерге адалдығын көрсетеді. Қазақстандықтардың ел тағдыры мен азаматтардың өміріне қатысты шешімдерді қабылдауға үлес қосуына мүмкіндік беретін республикалық ауқымдағы жоба бойынша референдум өткізу өте маңызды.

Атом электр стансасын салу мәселесі елдегі энергетикалық тұрақтылық пен экологиялық қауіпсіздіктің болашағына тікелей қатысты. Референдумда дауыс беру – осы негізгі мәселелер бойынша өз пікірімізді білдірудің тәсілі.

Референдум өткізу тәртібі атом электр стансасының құрылысына тікелей әсер етуі мүмкін жергілікті қоғамдастықтардың мүддесін ескеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл тұрғындардың қауіпсіздікке, өмір салтын өзгертуге және қоршаған ортаға ықтимал әсерлерге қатысты алаңдаушылықтарын білдіруіне жол ашады.

Референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан астамы дауыс берсе, референдум өтті деп есептеледі. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша (сағат 14:00-ге дейін) сайлаушылардың 51,77 пайызы дауыс беріп үлгерді. Қазіргі уақытта сайлаушылар арасындағы ең жоғары белсенділік Түркістан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласында байқалып отыр.

 

Салтанат Ермаханова,

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

ҚазМСҚҚ Қоғамдық пікір мониторингі басқармасының басшысы