Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парағына жазды.
Қара бетперде таққан адам Африкада мектеп салып, мешіт тұрғызып, құдық қазды
видеодан скриншот
615
оқылды

Қайырымдылықпен айналысатын қара бетперде таққан жігіт өзге елде де жақсылық жасап жүр, деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазақстанда мұқтаж адамдарға көмек көрсетіп жүрген құпия жан әлеуметтік желідегі парақшасында Африкада мешіт пен мектеп салып, құдық қазғаны туралы жазба жариялады. 

 

"Ассалаумағалейкүм, құрметті інілер мен қарындастар! Біз қазір Африкадамыз. Мектеп салдық, мешіт тұрғыздық, құдық қаздық. Әлемді жақсы жаққа бірге өзгертейік",  деп жазды ол желіде. 

Видеодан жергілікті халықтың  қалай қуанып жатқанын көруге болады.