Болашақта осы атом энергетика­сының жақсы дамуы климатқа жақсы әсерін тигізеді, кө­мір­қышқыл газдың бөліну әсері азаяды.
Ерболат Қоянбаев, «Ұлттық ядролық орталық» материалтану зерттеулері жөніндегі директордың орынбасары: АЭС-тің  экологияға зияны жоқ
281
оқылды

Сонымен қатар энергетикалық тәуелсіздікке барамыз. Өйткені ядролық отын Қазақстанның өзінде шығады ғой. Өзімізде шығып жатқан отынды пайдаланып, пайдалы қазбаларды тиімді қолдануға қадам жасаймыз. Бұл жоғары технологиялық сала болғандықтан, болашақ ұрпағымыздың интелектуалды жағынан дамуына да үлкен серпін болар еді. Көп жердегі талқылауларда, халықпен кездесулерде де айтып жүрміз. АЭС қалыпты жағдайда жұмыс істеген кезде ешқандай экологияға зияны келмейді. Онымен АЭС-ті қолдайтындар да, қолдамайтындар да келіседі. Адамның үрейін тудыратын – авариялық жағдай ғана. Мысалы, Чернобыльдағы, Фукусимадағы, Три-Майл-Айлендтағы ядролық апаттар әлі күнге дейін халықтың есінде. Одан кейін Семейдің сынақ полигоны да көптің есінде қорқынышпен, үреймен сақталған. Бірақ бұлардың дұрыс жағын түсіндіру керек. Мәселен, атом сынақ полигоны мен атом электр стансасы әртүрлі нәрсе. Полигондағы ядролық реакция басқарылмайтын жарылыс. Оған 90 пайыздық байытылған отын керек. Ал АЭС-те мұндай жарылыстың болуы физикалық заңдылық бойынша мүмкін емес. Оған 5 пайыздық байытылған отын ғана пайдаланылады.

Қазақстанда салуға қарастырылып жатқан 3+ буындағы реакторлар жобалау кезінде Чернобыль, Фукушима кезіндегі ауыр авариялардың болу ықтималдығын өте тө­мен деңгейіне жеткізілген. Мұндай апаттық жағдайдың бо­луы – онның ми­нус жеті дәрежесі. Яғни, 10 миллион жыл­да бір оқиға болуы мүмкін. Қауіпсіздік жүйесі қатаң сақталған. 3+ буындағы реакторлар активті де, пассивті де қауіпсіздік жүйеде жұмыс істейді. Пассивті жүйелер – физикалық қағидамен ғана жұмыс істейтін, сырттан энергия көзін талап етпейтін, өздігінен жұмыс істейтін жүйелер. АЭС маңайында контур бойынша радиациялық бақылау жүйелері қойылады, мониторинг жүр­гізіледі.