Баға өсіп барады әкімдер үнсіз
Баға өсіп барады әкімдер үнсіз
286
оқылды
Қазақстан қымбат­шы­лық­тан Еуразиялық одақ рекордсмені атанғанын Прези­дент айтты. Бұл ретте қым­батшылыққа астықтың бітік шықпауы және аз өнім­нің әлемдік нарыққа көптеп сатылуы себеп. Ал оның құрықталмауына әкімдер айыпты. Мұны Сауда және ин­теграция министрі Бақыт Сұлтанов айтып отыр. Бұл көтеріліс, яғни азық-тү­лік бағасының көтерілуі – ұлт­тық қауіпсіздікке нұқсан. Бірін­шіден, ол халықтың тұрмыс са­пасын төмендетіп, кедейлер қа­тарын күрт көбейтеді. Күні кеше аз-маз жалақысына әлем­нің алыс елдерінен тасылатын же­міс-жи­декті еркін тұтынып кел­ген кейбір адамдар бүгінде өз жері­мізде өсіп-өнетін көкөніс­терді де көптеп сатып ала ал­май­тын жағдайға жетті. Екіншіден, бұл – қалың бұқараның билікке деген сеніміне селкеу түсіріп, на­разы күштерді өршітеді. Үшін­­­шіден, клиенттер табысы азай­­ған әрі жоғарыдан тоқпақ же­­ген шағын және орта бизнесті көлең­­кеге кетуге мәжбүрлейді. Кедейшілік – ел экономи­касын кері тартатын кесел. Ау­қаты аз адам сапасы мен бағасы жо­ғарылау отандық тамақ өнім­дерін тұтына алмайды. Мысалы, дүкен сатушылары кейінгі кез­де «қытай лапшасын» сатып алу­шы­лар көбейгеніне назар ау­дар­тады. Біз ұмтылған дамыған ел­дер­де инфляцияның төмен бо­луына баса мән беріледі, соны төмен деңгейде ұстау ны­са­наға алынады. Мұны инфля­циялық таргеттеу деп атайды. Еуро­па­лық одақта мына әдістеме қол­­данылады: егер отбасы та­бы­­сының 50 пайызы азық-түлік өнім­­деріне кетсе, ол кедей болып есептеледі. Осындай отба­сыларды кедейшілік құрды­мынан алып шығуға нақты бағ­дар­­ланған бағдарламалар мен кө­мек арқасында бүгінде ЕО 11 елін­де кедейшілік жоқ. Басқа еуро­палық елдерде кедейшілік көрсеткіші 1-3 пайыз ғана. Ал Қазақстанда айлығы асы­нан артылмайтын отбасылар көп. Ауылда тамақ алу үшін ми­кро­қаржы ұйымынан қарыз алу құбылысы кең тараған. Олар­ға бағаның қымбаттауы қосым­ша соққы. Б.Сұлтановтың айтуын­ша, әлеу­меттік маңызды тауар­лар бағасы 2019 жылы орташа 10,4% өскен.
– Биылғы қаңтарда ол тағы 0,3 пайызға ары қарай артқанын байқадық. Қымбатшылыққа жиналған егіннің аздығы және экспорттың ұлғаюы секілді объек­­­тивті факторлар ықпал етті. Мұның сыртында баға мо­­ни­­­торингі және жедел шара қа­был­дау бойынша әкім­дік­тер­дің жет­­кіліксіз белсен­ділігі де ке­сірін тигізді. Өткен жы­лы бар­лық өңірлерде қымбат­шы­лық­тың шекті бағадан асып кетуі­нің 67 жағдайы тіркелді. Алайда бірде-бір әкімдік рұқ­сат етіл­ген шекті бағаны бекіту рәсімдерін қол­данбады. Олар сауда орын­да­рына заң­мен бел­гіленген ықпал ету шара­ла­рын да қабылдамады, – дейді Бақыт Сұлтанов.
 

Әкімдер «ескі әнінен» жаңылмады

Ведомство басшысы бұқа­раны шырқыратқан баға шарық­тауына бейжай қараған әкім­қа­ралардың сорақы тірлігі биыл да қай­таланғанын мәлім етті: 2020 жыл­ғы қаңтарда бағаның шекті ме­жеден асуының 7 дерегі тіркелді. «Бірақ әкімдіктер тарапынан тағы да ешқандай іс-қимыл бол­ған жоқ. Мысалы, Қостанай облысында әлеуметтік маңызды тауарлар бағалары 0,7 пайызға арзандаған. Дегенмен тауық еті және жұмыртқа бағасы бекі­тілген шектен артты. Ұқсас жағ­дай Алматы және Шым­кент қа­лаларында, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Түр­кістан об­лыстарында тіркелді», – деді Сау­да және интеграция министрі. Осы орайда ақпарат құралда­ры жазғандай, тауық еті мен жұ­мыртқаның қымбаттауына өн­­дірушілер Ауыл шаруашылығы министрлігін кінәлап отыр. Мәселен, АШМ 2019 жыл соңын­да асқа тұтынылатын жұмырт­қаны субсидиялауды тоқтата­ты­нын мәлімдеді. Бұған бірнеше себеп, соның ішінде «мемлекет қа­ражатын салу тиімсіз» екені алға тартылған. Шенеуніктер әр жұ­мыртқаға 3 теңге субсидия алатын құс фабрикалары көбірек демеуқаржы иелену үшін өн­дір­ген өнімі санын қолдан кө­бейтеді дейді. Бұған жауап ре­тін­де фабрикалар аудиторлық тек­серуден өтуге әзір. Әйтсе де, ми­нистрлік ондай тексеріс өт­кі­зе­ті­нін жарияламады. Нәтиже­сінде, мемлекеттік қолдаудан қа­ғылған отандық өндірушілер жұмыртқаны 15 пайызға дейін қымбаттатуға мәжбүр көрінеді.  

Үкімет бағаны «ауыздықтаймыз» дейді

Кешегі Үкімет отырысында ба­ға өсуін жедел тоқтату үшін қа­жетті мүмкіндіктер мен құралдар бар екені баса айтылды. Нақтылай кет­сек, мемлекет ең алдымен әкім­­­­­шілік қысым ресурсын іске қоспақ. – Жергілікті атқарушы орган­дар мен бақылаушы органдардың аумақтық бөлімшелері қол­да­ныстағы тетіктерді барынша пай­­далануы қажет. Шекті ба­ғаны бекіту рәсімі де белсенді қол­данылуы керек! – деді министр Б.Сұлтанов Үкімет отырысында. Тұрақтандыру қорларын қа­лыптастыру және жұмсау ісі де түбегейлі өзгеріске ұшырамақ. Өйткені әкімдер ол қордан ба­ғасы аспандап бара жатқан тауар­ды емес, басқа азық-түлікті на­рыққа «төгеді» екен.
«Мәселен, өткен жылы Шым­кентте және Маңғыстау облы­сында тауар интервенциясы мүл­дем жүзеге асырылмады. Басқа өңірлерде бағасы өскен тауар топ­­тарын­да емес, өзге тауар­лар бойынша интер­вен­ция жасалған. Айталық, барлық қор­дан 2 мың тон­на картоп шыға­ры­­­лып, сау­да­ға жі­­берілді. Картоп­тың им­порт­қа тәуел­­ділігі он­сыз да төмен әрі баға­сы да өскен жоқ-тын. Керісінше, қа­рақұ­мық бағасы 80,5 па­йызға артып жат­­қан­да, оның жалпы сату көлемі 213 тон­на­ны ғана құ­рады. Бұл аз көлем на­рық­қа еш­қан­дай әсер етпеді», – деді Б.Сұлтанов.
Тұрақтандыру қорлары «арзан өнім­мен молық­тырып, баға түсір» деп берілген 3 млрд теңгені банк де­по­зит­теріне салған. Енді ол бюджеттік мил­лиардтарды қорларға емес, бағасын ұстап тұруы үшін сауда желілеріне беру мәселесі пысықталуда. Ми­нистрлік бұл тетікті «айналым схема» атапты. Оны Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары қол­да­нуда. Басқа өңірлерге осыған көшу жүктелді.  

Қымбатшылықтың себебі көп

Сарапшылар елдегі баға қым­­­­­­батшылығына себеп көп еке­­­ніне сенімді. Оның ішінде ауыл ша­­руа­шылығындағы еңбек өнім­­­­­ділігінің төмендігі, дамыған елдер түгіл, ЕАЭО елдерімен са­лыс­тырғанда, өнімнің әр гек­тар­дан аз жиналатыны, Қа­зақстан хал­қының төлем қабілет­тілі­гі­нің на­шар болуы кесірінен өндіру­ші­лер­дің өз өнімін шетел­дік нарыққа шы­ғаруға асығатыны және толып жат­қан басқа фак­торлар бар. «Қазақстанда экономика моно­по­лияландырылған. Нарық қатысу­шылары саны жыл сайын азайып барады. Бәсекелестік ке­муде. Бұл баға мен сапаға кері әсер етеді. Әсіресе, көмір, бензин, банк, коммуналдық қызмет сек­тор­ларын монополия астына бас­ты. Ондағы ойыншылар бір-бірімен бәсекелеспейді, ымыра­лас. Бұл халыққа және барлық бас­қа салаға нұқсан келтіруде», – дейді Мәжіліс депутаты, эко­но­мист Меруерт Қазбекова. Кедейшілік пен қым­бат­шы­­лық құрсауын күшейткен осы кесірлер жойылмай, «бағаң­ды ар­зандат» деп әкім­нің кәсіпкерге әкіреңдей беруі пайда әкелмейді.   Айхан ШӘРІП