Айбар Олжай, экономист: Әлеуметтік желіні ұлттық қауіпсіздік доктринасына сай пайдалану керек

Әлеуметтік желі – мыңдаған шақырымдарды бір-бірімен байланыстырған ауқымды коммуникация құралы. Қазір күллі жаһанды жаулаған әлеуметтік желінің әлеуеті көптің пайдасына жарап тұр.

Дегенмен таяқтың екі ұшы болатыны секілді, желі адамзатқа шексіз мүмкіндіктерімен қоса кері ықпалын да алып келді. Өткен аптада Сенатор Геннадий Шиповских TikTok қосымшасы желіге желімдей жабысқан баланың мінез-құлқына теріс әсер ететінін, жалған идеалар мен тәуелділікке әкелуі мүмкін екенін айтып қосымшаны бұғаттауды талап еткен еді. Қазір ел экономикасының онлайн платформалардан белгілі бір деңгейде пайда көріп отырғанын ескерсек, әлеуметтік желінің бұғатталуы экономикаға қалай әсер етпек, өзіне жіпсіз байлатқан желіні қандай бағытта пайдалануымыз тиіс деген сауал туындайды. Осы және өзге де сауалдарымызға жауап алу мақсатында қаржы, биржа, макроэкономика сарапшысы, экономист Айбар Олжаймен сүбелі сұхбат құрған едік. 

– Айбар мырза, елімізде TikTok қосымшасын бұғаттау мәселесі желі қолданушыларының пікірта­ласын туғызып қана қоймай, депу­тат­тар арасында бүгінге дейін тал­қыға салынып келеді. Осы ретте әлеу­меттік желілердің экономикаға әсе­рін қалай бағамдайсыз? Қазақ­стандық нарық әлеуметтік желіден қандай пайда көріп отыр? 

– Бүгінде TikTok сынды плат­фор­малардың балалар мен жа­сөс­пі­рімдердің ойлау қабілетіне, пси­­хологиясына әсері турасында өзек­­ті мәселеге елімізде ғана емес, бү­­кіл әлемде түрлі көзқарас бар. Таяу­­да TikTok қосымшасының өкіл­­­­­­дері 13 жасқа толмаған бала­лар­­дың аккаунтын өшіру бойын­ша жедел іс-шара қолданды. Осы­ның нәтижесінде Қазақстанда 2,1 миллион TikTok аккаунты өшіріл­гені белгілі болды. Бірақ осыған қа­­рамастан қосымшаны пайда­лан­­ғысы келген адам платформаға кез келген уақытта кіріп, қала­ға­нын тамашалай алады. Осы тұста на­зарға алатын басты мәселе, са­насы толық қалыптасып үлгер­ме­ген бала TikTok-тан не қарап жа­тыр? Бұл – біз­дің ұлттық қа­уіп­­­­сіздігімізге тіре­ліп тұрған мәселе. Еліміз үшін жағ­дайды сырттан бақылап қана қой­май, керісінше әлеуметтік желіні шы­ғарушы компания иелеріне өз шарт­тарын қойып, TikTok қосым­ша­сының әкімшілігімен тікелей жұ­мыс істеуі орынды болар еді. Бұл ретте мынадай екі мәселені атап өткен жөн: TikTok иелері біз ұсын­ған ережелерді ұстанады не­месе Қазақстан аумағында бұл қо­­­­­­сымша бұғатталуға тиіс. Иә, эко­­номикаға әлеуметтік желі­лер­дің әсері бар. Алайда ол жанама әсер ретінде қарастырылады, ал нақ­­ты әсерін сомамен есептеу мүм­кін емес. Қазір цифрлық әлем­нің арасында жік жоқ. Сон­дықтан әлеуметтік желілердің еліміздегі эко­номикалық өсімге әсерін нақ­ты анықтай алмаймыз. Деген­мен Қазақстанға креативті экономика бойынша қандай түсім келетінін және қанша жұмыс орындары ашыл­ғанын қарастыра келе, со­ның ішінде әлеуметтік желінің әсе­рін бағамдауға болады. Салық мә­селесінде әлеуметтік желілердің ық­палы бар. Мысалы, үлкен ха­лықаралық платформалардан елі­мізге 28 миллиард теңге келіп түс­ті. Қаражаттың жартысынан ас­тамы әлеуметтік желілерге тие­сілі. Нақтырақ айтсақ, 2023 жылы Қа­зақстанға шамамен 10 мил­лиард теңге әлеуметтік желілердің са­лығынан келді. Соның ішінде TikTok желісінен келген салық құ­ны 1 млрд 160 млн теңгені құ­рай­­ды. Ал биылғы жылы бірінші жә­не екінші тоқсанның нәтижесі бойын­­ша TikTok-тан келген салық 800 миллион теңге көлемінде. Осы жыл­­дың соңына дейін қосымша­ның төлейтін салығы 1,5 миллиард тең­геге жетуі қажет. Бірақ мұндай көр­сеткіш бюджетімізге үлкен әсер береді деп дөп басып айта ал­­­­маймын. Бұл баға шағын, ор­таң­қ­ол компаниялар төлейтін са­­­лықтың құнына тең келеді. Сон­дықтан Қазақстан TikTok-тан тү­сетін салыққа аса тәуелді емес.

Біз TikTok арқылы сауда жүргізетін модельге әлі көшкен жоқпыз

– Егер әлеуметтік желілер, со­ның ішінде Қытайдың өнімі сана­латын TikTok желісі бұғатталған жағдайда мұның ел экономикасына, сауда-саттыққа әсері қалай бол­мақ?

– Егер елімізде TikTok бұғат­тал­­са, бұл жағдай электронды сау­даға ешқандай әсерін тигіз­бей­ді. Өйткені біз TikTok арқылы сау­да жүргізетін модельге әлі көшкен жоқ­пыз. Ал сауда-саттық сала­сын­да аталған модельге көрші Қы­тай мемлекеті көшіп кеткен. Мұнда блогерлер, кәсіпкерлер қо­сымшаны белсенді пайдалану­дың арқасында кәсібін дөңгелетіп отыр. TikTok платформасының бұғатталуы Қытай үшін кері әсерін ти­гізуі ықтимал. Біз әлі күнге дейін қосымшаны сауда алаңы ре­тінде қолданбадық. Қазір біздің не­гізгі сауда алаңдарымыз – AliExpress, Pinduoduo, Temu және өзіміздің Kaspi.kz, Arbuz.kz, Satu.kz сынды платформалар. Аталған маркетплейстер электронды сау­даның құралдары саналады. Егер олар бұғатталып, қызмет көрсетуін тоқтатқан жағдайда, керісінше, еліміздегі электронды саудаға әсе­рін тигізер еді. TikTok – өзгеше ба­ғыттағы қосымша. Әлемде кеңі­нен таралған платформа жа­сөс­пірімдердің ойлау жүйесі мен пси­хологиясына әсері, белгілі бір қауіпті іс-әрекеттерге көзді үй­ре­тіп алуы тұрғысынан қауіпті. 

– Біз экономиканы өркендету жо­лында әлеуметтік желілерді қан­дай бағытта пайдаланауымыз ке­рек? Бизнесті әлеуметтік желі ар­қы­лы жолға қоюдың тиімді тұстары көп пе, әлде керісінше ме?

– Қазір біз білім мен ғылымда қандай саясат ұстанып отырмыз? Сол секілді әлеуметтік желілерде мем­лекет пен қоғамның дамуына қажетті салаларды, соның ішінде IT, технология бағыттарын по­пу­ля­­ризация жасап, аудиторияға түрлі роликтерді ұсынуымыз ке­рек. Оқырманға ойын-сауық, көңіл көтеретін контент емес, ба­ланың білім алуға деген құштар­лы­ғын арттыратын әрі идеология­лық тұрғыда оң бағытты ұстанған та­ным­дық дүниелер қажет. TikTok – он­лайн платформа болған соң, қосымшада ұсынылатын өнімнің бар­лығын жаман, қауіпті деп айту­ға болмайды. Оның ішінде химия, фи­зика және астрономияны үйре­те­тін, экономика, қаржы тақы­рып­­тарын қамтитын пайдалы кон­­тенттер де баршылық. Өкі­ніш­ке қарай, қосымшада қажетті ақ­параттармен қоса балаға кері әсе­рін тигізетін сан түрлі контент­тер араласып кеткен. Сондықтан айтарым, TikTok бізге пайдалы болуы үшін танымдық, тәрбиелік маз­мұндағы контент санын арт­тыруымыз қажет. Тиісінше, бұл өс­келең ұрпағымыз үшін пайдалы бі­лім болар еді. Осы ретте TikTok платформасы бізге көмектеседі.

Сауда-саттықтың онлайн жүйеге көшуі экономика үшін тиімді

– Биыл жыл басында әлеумет­тік желіде Pinduoduo, Taobao сынды Қы­тайдан тапсырыс беру арқылы тауар сатып алатын онлайн плат­фор­малар шыққалы бері базар іші қаңырап қалғаны туралы ақпарат тара­ған еді. Бұл ахуалға әлеуметтік же­лідегі онлайн дүкендердің де әсе­рі жоқ емес. Онлайн сауда-сат­тық­тың кең қанат жаюы, бизнес өкіл­дері мен тұтынушылардың шетелдік он­лайн платформалар арқылы сау­да жасауы экономикаға, ішкі кі­ріс­ке кері ықпалын тигізбей ме? Әл­де, пайдасы басымырақ па?

– Елімізде Қытайдан тап­сы­рыс беру арқылы тауар сатып ала­тын онлайн платформалар біраз­дан бері бар. Иә, онлайн сауданың дәурені жүріп тұрған заманда ба­зар қаңырап қалды деген пікірге ке­лісемін. Бірақ қазір ол бөлшек сау­даның базары емес. Сау­да­гер­лер көбіне тауарды шығарушы мем­лекеттен өздері алып келіп, кейін тұтынушыларына көтерме ба­ғада сата бастайды. Қазір базар кө­­терме сауданың орнына айнал­ды. Кезінде ол белгілі бір форматта ашылған еді. Бірақ заман өзгереді, базар да өзгеруі қажет. Егер келу­ші­лер саны азайып, базар іші қаңы­рап жатса, демек тауарлар бас­қа құралдар арқылы сауда­ла­нып отыр деген сөз. Сауданың он­­лайн форматқа көшуі эко­но­микамызға кері ықпалын тигіз­бей­ді, керісінше заман ағымына сай трансформациядан өтеді. Ба­зар­дың негізі – сауда жасау ғой. Қазір сау­даның трансформациясы жү­ріп жатыр. Кәсіпкерлер офлайн сау­дадан онлайн саудаға өтуде. Ал сау­дагерлер бұл жағдайда тысқары қал­майды. Қазірдің өзінде көп­шілігі офлайннан онлайн саудаға кө­шіп келеді. Мұнда тек сауданың іш­кі трансформациясы мен ме­ха­низмдері ауысады. Бірақ сауда қар­қыны сол қалпында жалғаса бе­реді. Елімізде сауда-саттықтың он­лайн жүйеге көшуі эконо­ми­ка­мыз үшін тиімді дер едім. Себебі сау­даласу кезінде төлемдер он­лайн форматта жүзеге асырылса, бұл Қазақстанды көлеңкелі эко­номикадан шығарады. Сондай-ақ біз қолма-қол ақша беру жүйе­сі­нен арыламыз. Осының нәти­же­сін­де салық базасы көбейеді, сәй­­­­ке­сін­ше, экономикаға оң әсерін береді.

Дамыған елдер идеологиясы мен ұстанымдарын жеткізіп отыр

– Қазір жаһанда әлеуметтік же­лінің әлеуетін экономикада тиім­ді пайдаланып отырған қай мем­ле­кет­тердің тәжірибесін атап өтер едіңіз? Біз олардан нені үйренуіміз қа­жет?

– Әлеуметтік желіні әр мем­ле­кет өзінің ұлттық қауіпсіздік докт­ри­насына сай пайдаланады. Кей­бір дамыған елдер әлеуметтік же­­­­лі­лердің негізгі шығарушысы са­на­ла­ды. Мысалы, АҚШ-тағы Meta ком­­паниясын атап өтуге болады. Қа­зір олар әлемдік желіні өз құ­зы­рында ұстап отыр. Осының ар­қа­сын­да өзіне тән идеологиясы мен ұстанымдарын көпке жеткізеді. Олар өз құндылықтарына басым­дық бере алады. Негізінен, әлеу­мет­тік желіні іске қосушы мем­­­ле­кеттер басқарушы елдер ка­те­гориясына, ал өзге елдер тұтынушы катего­рия­сына жатады. Тұтынушы ка­те­го­рия­сына кіретін мемлекеттер әлеу­меттік желіден өзіне қажетті тұс­тарын алады, ал қажет деп тап­паған жағдайда толық тыйым са­лады. Мысалы, Қытай шетелдік әлеу­меттік желілерге тыйым салу ар­қылы өзінің ішкі мессенд­жер­ле­рін дамытып отыр. Әр мем­ле­кет­тің әлеуметтік желіні қолдануға бай­ланысты өзіндік ұстанымы бар. Біздің ұстанымымыз мына­дай: Қазақстан ғаламдық жаһан­дануға қарсы емес, яғни әлемдік деңгейде таралған әлеуметтік же­­лілерді қолданамыз. Бірақ ең ал­­­­­дымен әлеуметтік желілер қо­ғам­дық қауіпсіздігімізге, балалар мен жасөспірімдердің психо­ло­гия­сына кері әсерін тигізбеуге тиіс де­ген ұстанымды алға тартамыз. 

– Әңгімеңізге рақмет! 

Сұхбаттасқан

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ