Қазақстанның төрт мергені әлем кубогының финалдық кезеңінде бақ сынайды

Оқпен атудан Никита Чирюкин және Константин Малиновский қатысады.

Делиде (Үндістан) спорттық атудан әлем кубогының финалдық кезеңі басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, беделді турнирге қатысуға төрт қазақстандық спортшы шақырту алған. 

Оқпен атудан Никита Чирюкин және Константин Малиновский қатысады. Ал Мария Дмитриенко мен Әсем Орынбай стенд атудан жүлдеге таласады. 

Айта кетелік, әлем кубогының финалдық кезеңіне әр спортшы қатыса бермейді.

Қатысушылар тізімінде Олимпиада жүлдегерлері (бұл жағдайда Париждегі Олимпиада ойындарындағы жүлдегерлер), былтырғы әлем кубогының жеңімпаздары, сонымен бірге әлемдік рейтингте жоғары орындарда тұрған мергендер қатыспақ. Одан бөлек, турнирге арнайы шақырту бойынша қатысуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.