Кей өңірлерде үсік жүреді.
Синоптиктер 17 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды
1,776
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 17 қазанда еліміздің 11 аймағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігінде, тау етегіндегі, таулы аудандарында тұман.

Алматыда түнде тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, түнде 1-6 градус үсік сақталады. 

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 3 градус үсік.

Шымкентте түнде және таңертең тұман, түнде 1-3 градус үсік. 

Маңғыстау облысының батысында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысының оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Ұлытау облысының шығысында көктайғақ, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман.

Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.