12-14 наурызда Қазақстанда күн жылына бастайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Орталығы Скандинавияда орналасқан жылы Атлантикалық циклон еліміздің батыс өңірлерінің ауа-райын анықтап, әрі қарай шығыс бағытта жылжу арқылы Қазақстанның қалған аумағына да әсер етеді. Осыған байланысты жауын-шашын, тұман, ауа температурасының біртіндеп көтеріледі. Сондай-ақ екпінді жел – 15-20 м/с, 14 наурызда республиканың солтүстік-батыс және солтүстігінде 23-28 м/с дейін күшейеді», - делінген бейсенбіде таратылған ауа райы болжамында.