Полицияның үйлесімді әрекеттерінің арқасында ер адам табылып, отбасымен қайта қауышты.
Астанада төрт жыл бұрын жоғалған ер адам табылды
Видеодан кадр: instagram.com/ police_astana
505
оқылды

Астанада туыстары 2020 жылдан бері іздестірген 48 жастағы азамат табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Астана қаласының Полиция департаменті Instagram-дағы парақшасында елорда аумағында өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетуге және іздеуде жүрген адамдарды анықтауға бағытталған "Қаңғыбас" атты жедел алдын алу  шарасы өткенін хабарлады.

Рейд барысында полиция қызметкерлері қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 4 қылмыскерді, сондай-ақ құқықбұзушылық жасады деген 6 адамды ұстаған.

"Сонымен қатар  хабар-ошарсыз кеткен 3 азаматтың жүрген жері анықталды. Оның ішінде бір азамат 2020 жылдан бері туыстарымен байланыста болмаған. Төрт жыл бойы туыстары 48 жастағы ер адамның оралуынан үміт үзбеген екен. Полицияның жедел-іздестіру әрекеттерінің арқасында ер адам табылып, отбасымен қайта қауышты",  – деді ПД өкілдері.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.