Ұлттық банктің 22 қазанға арналған ресми бағамы – 1 долларға 481,68 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,00 теңге. Еуро – 522,48.
Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
435
оқылды

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 481 – 486 теңге аралығында саудаланып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық банктің 22 қазанға арналған ресми бағамы – 1 долларға 481,68 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,00 теңге. Еуро – 522,48.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 482,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 485,9 теңге. Еуро 521,5 – 525,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 481 теңге, сатып алу құны – 486 теңге. Еуро 522 теңгеден сатылып, 528 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,99 – 5,10 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 21 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,86 теңгеге төмендеп, 481,75 теңге болған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.