Теміртау қаласында 63 жастағы зейнеткер өзімен бірге тұрып жатқан ер адамды жанжал кезінде пышақтап өлтірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
Әйелдің мұндай жауыздықты мас күйде жасағаны белгілі болды. Бұл туралы Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Қазір аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалған.
– Полиция қызметкерлерімен аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен жәбірленушінің 63 жастағы азаматтық некедегі әйелі анықталып ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Айта кету керек, жәбірленуші және күдікті полицияның есебінде тұрмаған, – деді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.