Олар сот санкциясымен қамауға алынды.
ҰҚК екі шымкенттік азаматты қылмыс үстінде ұстады (видео)
2,175
оқылды

ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананы жойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткінің кезекті партиясын дайындап жатқан кезде Қазақстан Республикасының екі азаматы ұсталып, олар сот санкциясымен қамауға алынды.

– 10 келіге жуық дайын және 60 литр «а-PVP» сұйық психотроптық заты мен 240 литр прекурсор, сондай-ақ есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдықтар тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы  1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген ақпаратта.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.