Amazon компаниясы өзінің дауыстық көмекшісінің «миын қайта құруды» жалғастырып жатыр. Ол қандай болады?
Ойыңыздағыны оқитын виртуалды көмекші
Виртуалды көмекшілер бәрінің тілін табады. Фото voicebot.ai сайтынан алынды
976
оқылды

Aikyn.kz жасанды интеллект дәуіріне дайындалып жатқан Alexa-ның қандай болатынын  Quartz сайтына сүйеніп түсіндіреді.

Alexa-ның келесі буыны сұрақтарға жауап беріп, деректерді қорытып қана қоймай, «әрекет ететін» болады. Фото Quartz сайтынан алынды. Авторлығы: Amazon

Amazon өзінің дауыстық көмекшісімен таңғалдырғаннан кейін он жыл өткен соң, Alexa-ны генеративті жасанды интеллект дәуіріне бейімдеу үшін күресіп жатқан сияқты. Үшінші тоқсандағы табыстары туралы жариялаған Amazon бас директоры Энди Джасси компания өзінің дауыстық көмекшісінің негізгі, келесі ұрпақ үлгілері жалпыланған деректер жиынында оқытылатын айтты. Amazon үлкен модельдер жиынтығының көмегімен Alexa-ның «миын қайта құруды» жалғастырып жатқаны белгілі болды.

Amazon компаниясының инвесторлармен байланыс жөніндегі вице-президенті Дэвид Филдс:

«Біз Alexa-ны алғаш бастағанда оны әлемдегі ең жақсы жеке көмекші болатынына сендік. Ал адамдар бұны «ессіз идея» деп ойлады. Егер сіз соңғы екі жылда генеративті ЖИ қалай өзгергенін байқасаңыз, онда мүмкіндігіңізді жіберіп алмау үшін күресу керек. Өзгерістер міндетті түрде болады», – дейді.

Филдс Alexa-ны негізгі үлгілерімен қайта құру арқылы Amazon оның келесі буын дауыстық көмекшілері мен генеративті ЖИ қосымшаларында «жетекшілік ету мүмкіндігі» бар деп есептейді. Оның айтуынша, Alexa-ның келесі буыны сұрақтарға жауап беріп, деректерді қорытып қана қоймай, сонымен бірге «әрекет ететін» болады.

Джасси Amazon жақында тұтынушылармен жаңа үлгілермен бөлісетінін және компания «барлық құрылғыларымызға, соның ішінде Kindle-ге ЖИ-ді көбірек қосып жатқанын» мәлімдеді.

Amazon-ның мына ролигі көпшіліктің көңілін көтерді: 

Amazon-ның бұрынғы қызметкерлері Alexa-ның жасанды интеллектпен оқытылған шығарылымы техникалық ақауларға байланысты кейінге шегерілетіні, жаңа буын 2025 жылы шығатыны туралы ақпарат таратқан. Олардың айтуынша, дауыстық көмекшінің жаңа нұсқасына негізделген үлкен тіл үлгісін (LLM) іске қосу үшін қажетті деректер мен чиптер де жеткіліксіз екен. Сондай-ақ компания Amazon Web Services бұлтты есептеу бөлімшесі үшін генеративті ЖИ құруға басымдық беріп, Alexa ЖИ-ді кейінге қалдырған.

Amazon өкілдері болса бұрынғы қызметкерлердің қазіргі Alexa ЖИ әзірлемелері туралы пікірлері негізсіз екенін және жасанды жалпы интеллект жасап жатқан командада Amazon-ның өздерінің Trainium чиптері  мен Nvidia графикалық өңдеу блогы (GPU) жеткілікті екенін айтқан.

«Біз генеративті ЖИ-ді Alexa-ның әртүрлі құрамдас бөліктеріне біріктірдік және оны Alexa қолдайтын жарты миллиардтан астам құрылғыларға енгізу үшін көп жұмыс істеп жатырмыз. Біз өз ісімізге көңіліміз толады және жаңа модельді тұтынушыларға жеткізуге асығудамыз», – деген мәлімдемені Amazon өкілдері таратқан.

Amazon бас директоры Энди Джасси компанияның «Nvidia-мен өте тығыз серіктес» екенін және болашақта шығатын «жаңа чиптер бойынша жетекші серіктес болып қалатындарын»  жоспарлап отырғанын жариялады. Amazon-ның өзі шығаратын Trainium чиптерінің екінші нұсқасы алдағы бірнеше аптада өндіріске енгізілмекші.

Amazon-ның виртуалды көмекшісі ЖИ-ге қосылғаннан кейін сатып алғыңыз келген бұйымыңызға сізден бұрын тапсырыс беріп қойса таңғалмаңыз. Alexa сіздің ойыңызды да оқуы мүмкін.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.