Бауыржан Байбек қордайлықтармен кездесті
Бауыржан Байбек қордайлықтармен кездесті
222
оқылды
Nur Otan партиясы Тө­ра­­ғасының Бірінші орын­басары Бауыржан Байбек елі­міздің түрлі аймағына ба­рып, тұрғындармен кез­­десуін жалғастырып жа­­тыр. Осы аптада ол Жам­­­­­был облысының бір­қа­­тар елдімекеніне, со­ның ішінде Жуалы және Қор­дай аудандарына ат ба­сын тіреді. Елбасының тапсырмасына сәй­кес Nur Otan партиясы ал­дағы 5 жыл үшін әр облыс, ау­дан мен елдімекенді дамыту бойын­ша арнайы ұсыныстар әзірлеуде. Пар­тияның 216 аймақтық бағ­дар­ламасында аймақтардың жер­гілікті ерекшеліктерін ес­кере отырып, қажеттіліктері мен мәселелері көрініс табуы тиіс әрі оларды шешудің нақ­ты жолдары да көрсетіледі. Сон­дықтан Бауыржан Байбек іс­сапарының алғашқы күнінде аза­маттық қоғам өкілдерімен, со­ның ішінде зиялы қауыммен, бі­л­ім беру және өзге де сала қыз­меткерлерімен кездесті.
«Б.Момышұлы ауылында кә­­сіпкер әйелдермен бірге ауыл­да микробизнесті дамы­ту мәселелерін талқыладық. Мем­лекет тарапынан көрсе­тіл­ген қолдаудың арқасында өз кәсібін ашқандардың ара­сын­да көпбалалы аналар да бар­шылық. Бүгінде олар өз от­ба­сыларын қамтамасыз етіп қана қоймай, жаңа жұмыс орын­дарын ашып, салық төлеп, сон­дай-ақ қоғамдық өмірге де белсене атсалысуда. Дәл осын­дай белсенді азаматтық ұс­танымы бар әйелдер ә­р­түр­лі әлеуметтік топтардың мүд­делерін білдіруі және алдағы партияішілік праймеризге қа­тысуы тиіс деп санаймын. Пар­тия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойын­ша, Nur Otan алдағы уа­­қыт­та өз сайлауалды пар­тия­­лық тізімдері арқылы Мә­жі­­ліс пен барлық деңгейдегі мә­с­лихаттарға кемінде 30% әйел­дердің кандидатурасын ұсыну­ды жоспарлап отыр», – деп жазды Б.Байбек өзінің Instagram па­рақ­­шасында.
Партия Төрағасының Бі­рін­ші орынбасары атап өткен бел­сенді әйелдердің қатарына көп­балалы ана Әсима Шөкееваны қосуға болады. Қазіргі таңда Жуа­лы аудандық іскер әйелдер қауымдастығын басқарып отыр­­ған Ә.Шөкеева бірнеше жыл бұрын шаруа қожалығын аш­қан. Кейін өз қаржысына ба­лабақша салып, көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларын тегін аспен қамтамасыз етіп отыр.
«Міне, бұл – баршамыз үшін та­маша үлгі. Бір ғана әйел ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті және білім беру саласын дамы­тып отыр. Қаншама адамға жұ­мыс беріп отырғаны тағы бар. Бұл елдегі – тыныштықтың ке­­пілі», – деп атап өтті Жамбыл об­лы­сының әкімі Бердібек Са­парбаев кездесуде. Сонымен қатар ол облыстағы кәсіпкерлік са­ласында 125 мыңнан астам адам еңбек етсе, олардың тең жар­тысы әйелдер екенін айтты.
Ал Жамбыл облысына ж­а­саған іссапарының екінші кү­ні Бауыржан Байбек Масан­шы, Өтеген мен Қордай ауылда­ры­­ның тұрғындарымен, Nur Otan партиясы Қордай ау­дан­­­­дық бастауыш партия ұйым­да­ры мүшелерімен және де­­пу­таттармен кездесті. «Мұнда жақында орын алған оқиға тек халықтың ауызбіршілігі мен қоғамдық келісім ғана еліміздің өсіп-өркендеуі мен табысты дамуының негізгі кепілі екенін тағы бір рет есімізге салды. Қор­дай ауданына арнайы кел­ген сапарында Мемлекет ба­с­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, «Қазақстан – дос­­тық­тың, бейбітшілік пен келі­сім­нің, сондай-ақ, барлық этни­калық топтардың ортақ Отаны. Еліміз түрлі тарихи жағдайларға байланысты қиын-қыстау за­манда мәжбүрлі түрде қазақ жерін паналап келген халықтың бәрін құшақ жая қарсы алды. Біз біртұтас ұлт ретінде осы өткен күндерден сабақ алуы­мыз керек. Ең бастысы, бо­ла­­­шақ­та мұндай қайғылы жағ­­­дайлардың қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз қажет», – деді көп­­ші­лікпен кездесу кезінде Бауыр­жан Байбек. Ал жиынға қа­тыс­қан жергілікті тұрғындар бол­­са ауданда жағдайдың тұ­рақ­­тағанын, азаматтарды қа­зір қа­рапайым тұрмыстық мә­се­­лелер, атап айтқанда газ­дандыру, сумен қамту, мектепке дейін­гі мекемелер мен мектеп құ­ры­лысы тәрізді дүниелер алаң­дататынын айтты. Бұл мә­селелердің барлығын Nur Otan пар­тиясы өз бақылауына алады.
«Біз, қарашайлар, бір заман­дар­да Қазақстанға күшпен жер аударылғанбыз. Бірақ дәл осы жер­ден біз өз Отанымызды тап­­тық, біздің басымыздан өт­­кен қиын күндердің, депор­та­цияның тауқыметін жеңуде ақкөңіл, қайырымды қазақ хал­­қы жәрдемдесті. Сөйтіп, біз осы өлкеде мәңгі қалдық. Мен елім­­ді, Отаным – Қазақстанды сүйе­мін. Осында өмір сүріп жат­қа­ным­ды мақтан тұтамын», – де­ді кез­десу кезінде Сортөбе ауы­лы ау­руханасының дәрігері Татьяна Апаева.
Жергілікті биліктің уәдесіне қа­рағанда, жуық арада ауданның инф­рақұрылымы жаңарту, жаңа үш мектептің, үй кезегінде тұр­ғандарға арналған 50 пәтерлі тұр­ғын үйдің құрылысы және өзге де істер басталмақ. Атап айт­­­қанда, Масаншы ауылында биыл 600 орынды мектеп салу жоспарланыпты. Бұл өз ке­зе­­гін­де осы мектептердің орын же­тіс­пеушілігі мәселесін ше­ше­тін бо­лады.   Ардақ СҰЛТАН