Бүркеншік аты: Қоңыр
Мен күзбін
Бұл күнде өмір сұсты қажытқан күзгі жаңбыр,
Аямай келе жатыр дәл солай бізді тағдыр.
Сорғалап тамшы ағады еменнің бұтағынан,
Түбінде жатқан шалдың жағдайы жұтаң бұдан.
Ағамды кебінге орап әкеткен мезгілдегі,
Шер басқан жанымдайғып даланы езгіледі.
Үзілген жапырақтар қалқиды су бетінде,
Мұңлылау бір сезім бар сенің де суретінде.
Болдың ба дей көрмеші бұл күзге тағы құштар,
Менінде жанарымда сен деген сағыныш бар.
Күз қайғы,күз сағыныш- жуатын аспан жасы,
Сұп-сұры бұлт көшінен жарығым жасқанбашы.
Кітаптың ортасына білер деп ақын жанын,
Сап қойдым ақ қайыңның сап-сары жапырағын.
Еһ,осы көріністің ұғар кім қасіретін,
Көктемге ғашық жандар жабырқау әсіре тым.
Адамдар жылу іздейді, құстардың легі де,
Мына күз керегі жоқ солардың біреуіне,
Махаббат,мейірімде ақша үшін ұрлануда,
Сондықтан ұрықсат бер күзбенен бір болуға.
Бұл күнде өмір сұсты қажытқан күзгі жаңбыр,
Аямай келе жатыр дәл солай бізді тағдыр,
Сол үшін қайғырма сен сағыныш дем береді,
Сағыныш арқалаған сағаттар дөңгелегі.
Жапырақ бетіндей ғып санамды айғыздаған,
Ағаштар тіліндегі қамықтым қайғы –зардан.
Қамықтым содан кейін салқын һәм ызғарлы едім,
Себебі жарқыным-ау көзімде күз бар менің!