Тұрғындар тілегі ескерусіз қалмайды
Тұрғындар тілегі ескерусіз қалмайды
244
оқылды
Nur Otan партиясының хатшысы Арман Қырықбаев іссапармен Жамбыл облысына барды. Халықпен емен-жарқын жүздесіп, пікірлесуді,  бірқатар түйткілді мәсе­ле­ні талқылауды мақсат еткен Арман Оразбайұлы қо­ғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындардың өтініш-ті­легін тыңдап, мәселелерін шешуге жәрдемдесті. Қабылдауға жазылғандардың ішінен ең алдымен Тараз қаласы «Қаратау» ықшамауданының тұр­ғыны Қалдыкүл Досжанова кондоминиум мәселесін көтерді.
– Мен «Қаратау» ықшамау­да­нын­дағы №32 үй тұрғындарының өтінішін арқалап келіп отырмын. Аталған үй Кеңес үкіметі кезінен бе­рі жөндеу көрмеген. Осы үйді күр­делі жөндеуден өткізуге қол ұшын берсеңіздер, – деп тұрғын өтінішімен қайырылды. 
Аталған мәселеге қатысты Ар­ман Оразбайұлы тиісті сала ма­манынан жауап алды. Өз кезегінде Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай 1970 жылы тұр­­ғызылған 80 пәтерлі 5 қабатты үй «Өңірлерді дамыту-2020» бағ­­­дарламасы аясында биыл жөн­деу­ден өткізілетінін айтты. Аталған құ­рылыстың сметалық құны шы­­ға­рылып, жауапты мердігер де бел­гіленіп қойған. Мұндай ақ­­­жол­тай хабарға толықтай қана­ғат­танған қала тұрғыны қуанышын жа­сыры алмай, қара халықтың мұңын мұң­дап жүрген Nur Otan пар­тиясына алғысын білдірді. Келесі кезекте Тараз қаласы, Ті­леміс ақын көшесінің тұрғыны Жұл­дыз Төлебекова Қазақ ауы­­­лы­нан №14 орта мектепке ба­ла­ларды таситын қоғамдық көлік мәселесін шешіп беруді сұрады. Мәселенің түйіні сол жерде тарқатылып, биыл­­­­­ғы бюджетке 3 автобусқа өті­нім берілгені және мамыр айынан бастап №14 мектепке қатынап оқитын 234 оқушының мәселесі шешілетіні айтылды. Ал Тараз қаласы, Заводская кө­шесінің тұрғыны Перизат Кә­рім­баева Заводская көшесінің екін­ші бұрылысын жарықтандыру мә­селесін көтерді. Бұл сауалға жауап­­ты сала мамандары тұшым­ды жауап беріп, аталған көше бұ­­ры­­лысы жыл соңына дейін жа­рық­­тандырылатынына уәде етті. Осы­лайша, партия хатшысы Арман Қы­рықбаев тұрғындардың тілегіне құлақ түріп, берілген жауаптарға жұрт қанағаттанып қайтты. Мұнан соң Арман Оразбайұлы «Та­раз-Арена» спорт кешенінде өңір­­дің белсенді жастарымен кез­­дес­ті. Басқосуға мемлекет мақ­­­та­­­­ныштары Зульфия Габидул­ли­на, Бейбіт Ыстыбаев және Ақ­­жүрек Таңатаров қатысып, пар­­тияластарымен ой бөлісті. Ашық форматта өткен жиында ең алдымен Арман Оразбайұлы пар­­тияның қоғам өмірінде алар ор­ны мен алда тұрған мақсатты мін­­деттер жайлы сөз қозғады.
– Бұрындары түрлі деңгейдегі мәслихат сайлауына әр партияның атынан азаматтар өз-өзін ұсына бер­ген болса, биыл бәсеке партия­лар арасында жүреді. Партияда прай­мериз деген ұғым бар. Яғни, ендігәрі ағайындық, рушылдыққа жол берілмей, әрбір азамат бір пар­тияның атынан сайлауға түсіп, өз-өзін сынап көруге мүмкіндігі бар. Ол үшін біз ең алдымен пар­тияішілік іріктеу жүргізудеміз. Был­тыр мұндай пилоттық жоба Жуалы ауданында жүзеге асты. Нә­тижесі жаман емес. Партиялық тізім­ге еніп, депутаттық сайлауға түсуге ниеттілердің санын кө­ріп қуанып қалдық, – деді А.Қырық­баев. 
Тағы бір жаңашылдық – бұған дейін партия тек бір бағытты бағ­дар­лама аясында жұмыстарын жүзе­ге асырса, биыл партияның түр­лі салаға бағытталған 216 жоба­сы әзірленіп отыр.   Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы