Жалғызбасты ананың өтінішін орындады
Жалғызбасты ананың өтінішін орындады
152
оқылды
Nur Otan партиясының пәрменімен бүгінде тұрғындардың тілегі қанағаттандырылып, күрмеуі қиын түйткілдердің түйіні тарқатылуда. Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық партия филиалына қайырылған ауыл тұрғыны Әсем Бакееваның да өтініші ескерусіз қалмай, шешімін тауып отыр. Әсем Сатенқызы партиядан 2013 жылы Абай ауылында тұрғы­зыл­ған тұрғын үйіне жарық желісін жет­кізуді сұрап келген. Бакеевтер әу­леті бұған дейін электр желісін көр­шісі арқылы пайдаланып кел­­­гендіктен оның шығынын да еселенген бағамен төлеген. Бұл мәселеге жіті назар аударған пар­тия өкілдері қазір отбасын электр же­лісімен толықтай қамтамасыз етіп берді.
– Партияның «Халыққа кө­мек» жобасы аясында Т.Рыс­құ­лов ауданы Абай ауылындағы Әсем Бакееваның үйіне көш­пе­лі комиссия барып, зерделеу жұ­мыс­тарын жүргізді. Нәтижесінде, жа­рық жүргізуге қажетті бағаналар мен құрылыс материалдарының есебі шығарылып, 214 мың теңгеге жарық жүргізілді. Бір ай ішінде біткен құрылыс жұмыстарының ар­қасында аталған жанұя электр жа­рығының қызығын көріп отыр. Негізі Әсем Бакееваның тұр­ғы­лықты жері Луговой ауылында тір­­келген. Ал Абай ауылында оның ағасы Бауыржан Бакеев тұрады. 2018 жылы Әсем Сатенқызының өті­ніші бойынша Абай ауылдық ок­ругі Көкарық ауылы Жастар кө­шесі №31 «б» мекенжайы бойын­ша жер телімі берілді. Үй тұр­ғызы­ла­тын жерге дейін электр же­лісі жүр­гізіліп берілді. Осы­лай­ша, аталған аза­матшаның барлық жағдайын жа­сап отырмыз, – дейді Абай ауыл­дық округінің әкімі Мұратбек Арыстанбеков. 
Әсем Бакеева өтінішін ескеру­сіз қалдырмаған партия өкілдеріне дән риза. – Шынымды айтсам, бә­рі бұлайша тез бітеді деп ойла­ма­­дым. Бір айдың ішінде құры­лыс жұмыстары аяқталып, үйі­ме жа­рық кірді. Қазір соның рақа­тын көріп отырмыз. Тұрғын үй құры­лысы үшін алған жер теліміме де жарық жеткізілді. Осынау жұ­­­мысқа ұйытқы болған  Nur Otan партиясына және округ әкі­мі Мұратбек Арыстанбековке ал­ғысым шексіз. Мен секілді жал­ғызбасты аналарға жасаған жақ­сы­лықтарыңыз Алладан еселеп қайт­сын, – деді Әсем. Иә, жалғызбасты анаға жа­сал­ған бұл жақсылық қандай мақ­тауға да лайық. Ең бастысы қа­ра халықтың өтініші толықтай қа­­нағаттандырылғаны жан жы­лы­тады.   С.ТІЛЕУЖАН