Бүркеншік аты: Qalamger
Ақиқаттан айнымаған қаламгер
Жасайды тірі адам тіршілігін,
Шүкір етем, арайлап атса күнім.
Алдыға басқан сайын артқа тартар
Біреуге біреу мықты сыншы бүгін.
Жанайын от боп лаулап бір күн менде,
Жасқандым, бір сезімді кештім менде.
Пасық көңіл адам да болады екен
Түсіндім менде мұны ес кіргенде.
Жырлаймын мен де өмірді сүйіп тұрып,
Өмірдің қатаңдығын тұрсам да ұғып.
Жұдырықтай кеудемді жарып шыққан
Мендегі жырым мына мөлдір тұнық.
Айтар болсам мына өмірдің тынысын,
Қиналғанда кім созады қол ұшын.
Шабыт келсе, жыр жазайын, самғайын
Мына өмірде жүр екенмін жыр үшін.
Ақтарайын іштегін мына менде,
Өз рөлін сомдайды ғой кейіпкерде.
Мен таусылып, өшсем де жырым жетер
Мен жетпеген қаншама биіктерге.
Міне, Жаңа Қазақстан басталады,
Білімді ел биікке апарады.
Тарихымды мақтан қылып жырлайтын
Жетелейді елімді жастар әлі.
Өтіп жатыр қанша күндер, алыстар,
Тарих толы, ел есінде арыстар.
Ұмыт болмас ел аузында еңбегі
Берді ағаның есімі әркез қарыштар.
Сөз қадірін білетұғын көзге іліп,
Кітаптары бізге қалған естелік.
Соқбақбаев дара тұлға білгенге
Құлақ салып, көрген жанға ізденіп.
Ежелден түркі жерін мекен еткен,
Ғасырға ғасыр жалғап тарихы өткен.
Қалайша ұмытармыз шығармасын
Тентек бала Қожаны айта кетсем.
Жыр десе, толықсып көз ілмейтін,
Тұлғалар өсе берсін, елім дейтін.
Ұлылар өлкемізден шыға берсін
Беделін Бердібектің түсірмейтін.
Жүректерін жаулаған елді көптің,
Өлеңнің қадіріне енді жеттім.
Бәйтерегін асырып жыр жырлайын
100 жасаған тойында Бердібектің.
Айналдым қазақ деген текті елден,
Бойына қасиетін жиып келген.
Жалаңтөс батырлардың мекені еді
Тәуелсіздік келген жоқ бізге көктен.
Арнайын тақырыпқа жырымызды,
Батырлар құлатпады жүгімізді.
Ата-бабам жан қиып құрбан болған
Ұмытпайық қасиетті тілімізді.
Сүйемін өз тілімді, қазақ тілін,
Қалайша ұмытармын әсем үнін.
Қазағым төрге шықса тіліп сөйлеп
Сол тілмен ұрпағына берген білім.
Түспесін мәртебесі қазағымның,
Рухы батырлардың жасасын мың.
Бейбіт елге жету үшін жанын берген,
Дәмін қалай ұмытсын азабының.
Әр уыс топырағын сүйіп келем,
Құдайым бізге бақты үйіп берген.
Елі үшін аянбаған батырлардың
Көріне берсін есімі биіктерден.
Таусылмайды тарихты парақтасам,
Халқымызды құл қылып азаптаған.
Ұлы Отан соғысының нәубеті де
Еліме қиын тиген сараптасам.
Ақтарып тарихымның қойнауларын,
Көптеген жауабы жоқ ойға қалдым.
Зерттеймін ата-бабам жүріп өткен
Өшпестей ізі қалған жол бойларын.
Тарихының өзгермейтін мән-жайын,
Зерттеу керек ағызып бір көз майын.
Бүгінгідей Тәуелсіз қазағымның
Сыры терең шежіресін қозғайын.
Кең байтақ елім менің өркендеген,
Осы күнге қалай жетті дегенменен.
Ерте темір дәуірінде қазақ жерін
Сақтар, ғұндар, сарматтар мекендеген.
Ар-намысшыл ата-бабам ертедегі,
Барша ұлтқа құшақ жайған мекен еді.
Мызғымастай хандықты құрды емес пе?!
Қазақтың Керейі мен Жәнібегі!
Ұрандап Алашым деп ту көтерген,
Басынан талай қиын күн өткерген.
Сүрініп ажал құшып жатсадағы
Өлімнен ар намысым күшті деген.
Аянбай жоқшылықтың дәмін татқан,
Қанша жастар кетті ғой жалын атқан.
Желтоқсан келген сайын еске аламыз
Ажал құшқан жандарды қиындықтан.
Әр жыршы өр кеудеге от береді,
Қаламгерді мақтаудың жоқ керегі.
Әр сөздері тұнып тұрған ұлылық
Бүгінде бізге мұра боп келеді.
Келеміз жырларымен кемелденіп,
Оқырманын күн сайын елеңдетіп.
Қара көзін көрмедік дегенменен
Қара өлеңі өшпейді ізі болып.
Өз өмірін арнаған жыр ілімге,
Жырлап өткен жалпақ жұрттың тілінде.
Қожадай тентектеу болғаныммен
Елім дейтін бір пендемін бүгінде.
Сынақтардан өмірің басталады,
Сәбидің мұң шалмасын қас қабағы.
Жүрегіңе батады, қанжардайын
Ананың бауыр етін тастағаны.
Тіршілік бәрі жалған боямалы,
Кеудемде ашу-ыза оянады.
Сарқыраған өзенді айтпағанда
Адамның көңілі қалай лайланады?!
Қазақ қызы ерекше басқалардан,
Беделі ұятымен бағаланған.
Тоғыз айдай толғатып өз баласын
Қалай қамсыз ұйықтайды тастағаннан.
Көркем мінез қазағым ойымдағы,
Барлық әлем, бас иіп мойындады.
Сақтасын ар намысын қазақ қызы
Баға жетпес байлығын бойындағы.
Қазақтың еркіндігі қанмен келді,
Артқа тастап келеміз қанша селді.
Барша ел қызығады мақтан етіп
Еңсесін түсірмеген біздің елді.
Елу жылда ел жаңа даналық бар,
Әр қазақтың бойында таланты бар.
Барша жанды балаша қуантатын
Естіле берсе екен жаңалықтар.
Алға басып саяси жетілейік,
Жұртымыз тыныш болсын деп тілейік.
Оян қазақ, деп кетті Міржақыптар
Біздер енді қашанғы есінейік?!
Өлеңдерін оқысам жылынармын,
Жерімізден шыққан әрбір ұлылардың.
Шындықты шырылдатып шырқағанда
Сөзінде жатушы еді жүгі нардың.
Бірлігіміз жарасқан қалың қазақ,
Жайсаң елміз Тәуелсіз таңы ғажап.
Қанша батыр жан қиған, елі үшін
Мерей тойын жүрміз ғой бүгін тойлап.
Әдебиетті ағамыз жандандырған,
Менің атым Қожамен таң қалдырған.
Ұрпағының келешек қамы үшін
Артында өшпестей бір із қалдырған.
Көңіл қойсаң ойыңды қақ жаратын,
Оқырманы ерекше таң қалатын.
Бала кезден сүйікті мен білетін
Шығармасы өлмейтін қосқанатым.
Пенделер мейірімі сірә жоқ па?!
Көңілім құздан төмен құламақ па.
Танытпа сезіміңнің салқындығын
Жылылық жетіспейді мына жаққа.
Жыр кеудемде шырылдайды отты арман,
Жыршы құсым биіктерге тоқталған.
Жүрегімді қорғаштағым келеді
Жүрегінде мейірімі жоқтардан
Көңіл толмай, жаныма батып тұрад(ы),
Тұрғандаймын науқастың хәлін сұрап.
Өлең жазғым келеді, жырлар жазғым
Өзімнен өлеңдерім бақыттырақ.
Түсіне алмадым түбін мына санамның,
Бұл өмірден менде орын табармын.
Ұлы ақын Абайдай болмасам да
Мүмкін менде жұлдыз болып жанармын.