Әділет Барменқұлов ҚФФ президенті болып 2022 жылы ақпанда сайланған еді.
Қазақстан футбол федерациясының президенті қызметінен кетті
1,749
оқылды

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қызметінен кетті,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Федерация бұл ақпаратты растап, Барменқұловтың қызметінен өз еркімен кеткенін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Әділет Барменқұлов ҚФФ президенті болып 2022 жылы ақпанда сайланған еді. 

ҚФФ жарғысына сәйкес, жаңа президент ҚФФ кезектен тыс конференциясында сайланады. Федерация өтетін уақытын жақын арада хабарлауға уәде берді.