Барсакелмес – құландар мекені

Арал теңізі аумағындағы «Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығы жайында ел арасында кезіп жүрген аңыз-әпсаналар аз емес.

Әлем бойынша экологиялық апат аймағында орналасқан бұл қорықта бір кездері құландар көші сап түзегенін көзкөрген қариялар жиі айтып отырады. Тұмса табиғат ошағы болған бұл мекен жайында халық аузында жүрген таңғажайып оқиғалар өз алдына бір төбе. 

Дерекке сәйкес, ең алғаш 1929 жылы Барсакелмес ара­лында Союзпушнина аң­шы­лық шаруашылығы құрылыпты. Ол уақытта қорықтағы жануарлар әлемін бағалы аңдар және құстар әлемімен байыту мақсаты тұрды. Со­ған орай мұнда ірі құм бал­пақ­тары, ақбөкендер мен қара­құй­рық­тар әкелінген. Тіпті, құм бал­­­­­пағының кәсібі ашылған. Осы­лайша, 1939 жылы сол кездегі Қа­зақстанның Кеңестік Халық Ко­миссариатының 10.12.1939 жыл­ғы №973 қаулысымен «Бар­са­кел­мес» мемлекеттік қорығы құ­рылған. Сол кезеңде қорық жұ­мысын тұяқты жануарларға ба­ғыт­тап, оның ішінде ең әуелі құ­лан­дарды жерсіндіру ерекше маңыз­ға ие болды. 

«Негізінен, Барсакелмес қо­ры­ғы Арал теңізінде болып жат­қан көптеген процесті түсінудің мо­делі болып саналады. Арал теңі­зі тар­тыл­ғанымен, бұл қорық – қазақ­стан­дық типтегі шөлейтті эко­жүйе­лері бар жалғыз қорғалатын ау­мақ және Солтүстік Арал теңізі маңы табиғатының эталоны бо­лып қала берді. Қазақстан Рес­пуб­л­и­касы Үкіметінің 2020 жылғы 29 шіл­дедегі №484 қаулысына сәйкес «Барсакелмес» мемлекеттік таби­ғи қорығының көлемі Сырдария өзе­нінің Кіші Арал теңізіне құяр са­ғасындағы Дельта учаскесін қосу арқылы ұлғайды. Бүгінде қо­рық­тың жалпы аумағы – 163 126 гек­тар. Қазір Барсакелмес қорығы 3 кластерлік учаскеден тұрады. Атап айтқанда, Барсакелмес учас­кесіне қорықтың бұрынғы аумағы (16 795 гектар) мен теңіздің кеп­кен табаны кіреді. Оның жалпы ау­­даны – 50 884 гектар. Бұдан өз­­ге, Қасқақұлан учаскесі – құ­лан­­­дардың қазіргі кездегі мекен ету орны және теңіздің кепкен та­банында өсіп шыққан табиғи сек­сеуіл тоғайларының үлкен мас­сиві болып табылады. Оның ау­даны – 109 942 гектар. Соңғысы, Дельта учаскесі – Сырдария өзенінің Кіші Арал теңізіне құяр са­ғасында орналасқан. Оның ау­да­ны – 2 300 гектар. Жоғарыда көр­сетілгендей, қорық аумағында сек­сеуіл ормандары бар. Орманды өңір­лердің ауданы 52 мың гектар­дан астам. Қорықтағы өсімдіктер мен жануарлар түрін қорғау әр­дайым жоғары маңызға ие. Осы ба­ғытта тиісті жұмыстар тұрақты түр­де жүргізіліп келеді», – деп тү­сіндірді бұл жайында «Бар­са­кел­мес» мемлекеттік табиғи қоры­ғы­ның бас директоры Хамит Қа­ниев. 

Соңғы жылдары теңіздің тар­тылуы салдарынан қо­рық­қа бару қиындап, жануарлар дүниесін қорғау қызметі дағдарыс кезеңіне ұшырағаны жиі айтылып жүр. Нақты айтқанда, 2000 жыл­дан кейін қорықтың айналасын­дағы кепкен теңіз жазықтығының айтарлықтай бөлігі ашылып, арал құр­лықпен бірігіп кетті. Бұл жа­байы аңдардың миграциясының қайта іске асуына мүмкіндік берді. Арал теңізінің кепкен табаны эко­жүйелердің флорасы мен фау­на­сы­ның біріншілік қалыптасу аре­­­­­­насына айналды. 

Уақыт өте келе, тұщы судың бол­мауы салдарынан тұяқ­ты жануарлар Барсакелмес ара­лы­нан шығып кетіп, құландар тұщы су көздері бар бұрынғы Қас­қа­құ­лан аралының айнала­сын­дағы теңіз­дің кепкен табанындағы сек­сеуіл тоғайларын мекен ете бас­тайды. Ал қарақұйрықтар мен ақ­бөкендер шығыс жағалау бойын­ша кеңінен миграциялан­ған. Осыған орай, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Үкіметінің 25.11.2006 жыл­ғы №1162 қаулысымен Барса­кел­мес қорығының аумағы 10 есе­ге ұлғайып, 160 826 гектарды құ­рап отыр. 

Осылайша, бір кездері теңіз ор­­­тасындағы адам аяғы баспайтын арал­да өсірілген тұяқтылар бү­гін­де аудан аумағындағы ауылдарға жақын маңдағы жазық далада жайылып жүргенін тұрғындар жиі көретінін айтып отыр. 

«Теңіздің қайтуына бай­ла­ныс­ты қорық құрлықпен қосылып, жер көлемі ұлғайды. Соның сал­да­ры­нан құландар Барсакелместен ашық жерге шыға бастады. Нәти­же­сінде, Арал ауданына қарасты Қара­терең ауылынан 4 шақырым жерге бұрынғы Тоқпан ауылының маңына қазық қағылып, қорық мен­шігіне өтті. Алайда бұл шешім ауыл халқы үшін қолайсыздық ту­ғызып тұрғанын айтқымыз ке­ле­ді. Себебі қорық меншігіне ауыл халқының жайылым жері өтіп кетті. Әзірге ауылдағы малшы қауы­мы төрт түлігін қорық иелі­гін­дегі осы жайылымға жайып жүр. Бірақ келешекте қорық аума­ғы­на мал жаюға тыйым салынса, мал­мен жан бағыт отырған жама­ғат­қа қиын болатын түрі бар. Сон­дық­тан төрт түлігін түлетіп отыр­ған халықты жайылымсыз қал­­­­­дыр­май­тындай оңтайлы шешім қабыл­дан­са игі», – деп ұсынысын біл­дір­­ді Қаратерең ауылының тұр­­­ғыны Ғарифолла Еңсегенов. 

Ауыл тұрғынының айтуынша, жайы­лым жермен қоса, ша­бын­дық жер де қорық меншігіне өтіп кет­кен. Бұл малшы қауымы­ның төрт түлігін жаз мезгілінде көк­ке жайып, қыс мезгілінде ша­бын­дық шө­бін жинауға үлкен ке­дергі кел­тіретін түрі бар. Осы ке­леңсіздік бір ретке келтірілсе де­ген тілегін жет­кізіп отыр. 

Негізінен, құландардың ме­­кені бұрынғы Қас­қа­құ­лан ауылының аумағында орна­лас­қан. Ауыл халқы төлдейтін мез­гілде тұяқты жануарларды жиі кө­ретінін тілге тиек етеді. 

Қазір қорықтың флорасы 325 түр­лі жоғарғы өсімдіктерден құ­рал­ған. Мамандардың мәліметіне сәй­кес, оның ішінде 16 эндемик жә­не 5 түрі Қазақстанның Қызыл кі­табына енген түрлерден тұрады. 

Бүгінде қорықтың жануарлар әле­мі де сан алуан. Әсіресе, омырт­­­қа­­сыздардың түрі өте көп ке­з­де­се­ді. Соның ішінде өрмекшінің 107 түрі мекендейді. Жалпы, жәндік­тер 12 отряд бойынша 2 000 түрге жуық­тайды. Бұған қоса, қосме­кен­­­­ділерден жасыл құрбақа және көл­бақа болып бөлінетін 2 түрі бол­са, бауырымен жорғалау­шы­лар­дың 12 түрі, құстардың 250 түрі тіршілк етеді. Соның ішінде Қа­зақ­стан Республикасының Қызыл кіта­бына енгізілген 33 түрлі құс, 28 түрлі сүтқоректілер бар. Ал теңіз айдынында өсірілетін 22 түр­лі балықтың 4 түрі қызыл кітапқа ен­гізілген.

ТАҚЫРЫПҚА ТҰЗДЫҚ: 

Дерекке сәйкес, Барсакелмес қорығының құландар популя­циясы 1953 жылы бастау алған. Сол жылы қорыққа Түркімен-с­тан­ның Бадхыз қорығынан құландар әкелініп, жерсіндірілген. Ең алғаш 1958 жылы тұяқты жануардың алғашқы тұқымы алы­нып, содан бастап құландар популяциясында өсім бай­қал­ды. Тек 80-жылдардан бастап теңіздегі тұщы судың аздығы мен тұз­ды судың көтерілуі салдарынан құландарды аралдан бір­тін­деп шығарып, бір бөлігін еліміздегі «Алтын емел» ұлттық пар­кіне көшіреді. Ал қалған бөлігі Арал өңіріндегі Қасқақұлан учас­кесіне ауыстырылған. 2023 жылғы санақ бойынша Арал өңі­рін­дегі құландар саны 800-ден асып жығылады деген ақпар бар. 

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,

Қызылорда облысы