Ақордаға Мусин келді
Ақордаға Мусин келді
263
оқылды
«Ақорданың» хабарлауынша, Бағдат Мусин Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды. [caption id="attachment_27636" align="alignnone" width="1024"]Бағдат Мусин, инновация, кеңесші, тағайындау Фото: Интернеттен алынды[/caption] «Мемлекет басшысының өкімімен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды» делінген хабарламада. 2004 жылы Сүлеймен Демирел атындағы университетті бітірген. 2005 жылы  Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын Құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. 2004-2007 жылдар аралығында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамында бас бағдарламалық қамтамасыздандыру инженері, бөлім бастығы, департамент директоры қызметтерін атқарған. Сондай-ақ мемлекеттік органдарда еңбек еткен. Үйленген. Екі қызы, бір ұлы бар.