Синоптиктердің болжамы бойынша, түнде Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі.
Тұман түсіп, жел тұрады: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
560
оқылды

«Қазгидромет» РМК ертең, 24 қарашада еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.    

Синоптиктердің болжамы бойынша, түнде Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жел тұрады, екпіні 18-23 м/с, кейде 28 м/с.

Қонаевта жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 18-23 м/с болады.

Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жел тұрады, екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде түнде және таңертең жел тұрады, екпіні 15-18 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болатын жел тұрады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жел, екпіні 15-20 м/с.

Жезқазғанда күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында жел соғады, екпіні 23 м/с.

Қызылордада жел екпіні 15-20 м/с болады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болатын жел тұрады.

Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында жел екпіні 15-20 м/с болады.

 Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда екпіні 23-28 м/с болатын жел соғады. Облыстың тау асуларында жел екпіні 30 м/с және одан да көп болады.

Атырау облысында жел екпіні 15-20 м/с болады.

24-26 қарашада Жетісу облысында Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кейде 23-28 м /с болатын жел соғады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, облыстың орталығында екпіні 15-20, кейде 25 м/с болатын жел тұрады.

Ақтауда кейде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20, кейде 25 м/с.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі.

24-25 қарашада Павлодар облысының батысында, шығысында, орталығында тұман түседі. Павлодарда 24-25 қарашада тұман түседі.

Түнде және таңертең Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.