Бұдан былай облыс әкімдеріне конкурстық комиссия төрағасы болу мүмкіндігі берілмейді.
Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаевтың айтуынша, Мемлекеттік сатып алулар туралы заңға өзгерістер енгізілгеннен кейін облыс әкімдері конкурстық комиссия төрағасы бола алмайды.
«ҚР Президентінің мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру туралы тапсырмасына сәйкес, саяси қызметшілердің мемлекеттік сатып алуды өткізуге араласуын қоспағанда, заң жобасымен конкурстық комиссия төрағасы ретінде орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын және облыс әкімдерін анықтау туралы талап алынып тасталады», – деді Руслан Бекетаев.
Мәжілісте «Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы талқылады.
Вице-министрдің айтуынша, заң жобасында редакциялық сипаттағы өзге де түзетулер мен заң техникасы бар.
Сонымен қатар жоғарыда аталған тәсілді Үкімет әзірлеп, оны Президент Әкімшілігі мақұлдады. Жалпы, заң жобасы бойынша оның негізгі ережелері қоғаммен жан-жақты талқыланды. Орталық және солтүстік өңірлер үшін бизнес пен мемлекеттік органдар арасында топтық кеңестер өткізілді.
«Осындай жиналыстарды Алматы және басқа да қалаларда өткізу жоспарланып отыр. Бұл заң жобасы мемлекеттік сатып алу саласын жақсартады, кәсіпкерлердің қиыншылықтарын шешуге және сыбайлас жемқорлықты төмендетуге мүмкіндік береді деп сенеміз», – деді Руслан Бекетаев.