Түркістан облысында 11-сынып оқушысы әзілдеп, полицияға жалған хабарлама таратқаны үшін жауапқа тартылады.
"Мектепте бомба бар": Түркістан облысында жалған хабарлама таратқан оқушы колонияға түсуі мүмкін
www.istockphoto.com
698
оқылды

Оқиға 20 қараша күні болған. Полицияға Түркістан облысы Жетісай ауданындағы мектептердің бірінде жарылғыш зат бары жайында  анонимді хабарлама түскен. Оқиға орнына арнайы қауіпсіздік қызмет жедел түрде жетіп, шұғыл түрде әрекет етіп, оқушылар мен мұғалімдерді эвакуациялаған.

Бірақ жарылғыш құрылғы табылмаған. Ақпарат жалған болып шықты. Кейін тергеушілер бомба қойылғаны туралы хабарлаған адамның жеке басын анықтады. Ол сол мектептің 11-сынып оқушысы болып шыққан. Әзірге тергеушілер баланың мұндай әрекетке баруының себебін анықтап жатыр. Бұл туралы BaigeNews.kz хабарлады.

Соған қарамастан оқушының жауапқа тартылатыны белгілі.

"Терроризм актісі туралы жалған ақпарат таратқаны үшін айыппұл, түзеу жұмыстары, сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған. Осы қылмысы үшін 14 жасқа толған жасөспірімдер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сондықтан полиция оқушыларды мұндай әрекеттерге заңмен қатаң тыйым салынғанын ескертеді", - деді Түркістан облысы ПД ресми өкілі Гүлнар Абдужаппарова.