Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша министрге бірқатар тапсырма берді.
Ержан Сәденов Президентке еліміздегі криминогендік жағдай туралы баяндады
278
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады,  деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Ержан Сәденов еліміздегі криминогендік жағдай туралы ақпарат берді:

  • жыл басынан бері қылмыстың төмендеуі байқалады. Қылмыстық құқықбұзушылық – 5,5 мыңға, қылмыс 10 мыңға азайған;
  • қоғамдық орындарда және кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған құқықбұзушылықтар саны төмендеген;
  • қылмысты ашу көрсеткіштері жақсарған.

Министр елімізде «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру, құқықбұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» және оның алдын алу шаралары туралы хабарлады.

Жыл басынан бері әкімшілік құқықбұзушылықтың жолын кесу 40 пайызға артқан, соның ішінде ұсақ бұзақылықтың алдын алу 30 пайызға, көлік қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермеу 48 пайызға көбейген.

Көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілер 32 пайызға артқан, олардың қатарында мас күйде рөлге отырғаны үшін жауапқа тартылған азаматтар бар.

Іздеуде жүрген 1,6 мыңнан астам қылмыскер ұсталып, олардың 158-і шетелде тұтқындалды.

Сонымен қатар ол ұйымдасқан, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық атқару жүйесін жетілдіру және кадр үдерістерін цифрландыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысымен таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.