Астанада Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы кеңесінің өтуіне байланысты 27-28 қараша күндері кейбір ЖОО студенттері сабақты онлайн оқиды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, 27-28 қараша күндері:
- 4 ЖОО қашықтан оқиды;
- 2 ЖОО сабақтарды ішінара қашықтан өткізетін болады;
- 2 ЖОО студенттерді демалысқа жіберіледі (1-ші триместр);
- 5 ЖОО дәстүрлі офлайн оқыту форматында қалады.
Бұл ретте жоғары оқу орындарының шешімдері олардың академиялық саясатына сәйкес дербес қабылданады.
Мектеп оқушылары мен колледж студенттері үшін сабақ әдеттегідей форматта өтеді.