Кейінгі 2 жылда теміржолдардағы жөндеу жұмыстарының көлемі 2-3 есеге артқан.
Пойыздар неге жиі кешігеді? – ҚТЖ басшысы жауап берді
910
оқылды

Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов жолаушылар пойыздарының жиі кешігуіне қатысты мәселені көтерді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кейінгі кезде теміржол көлігінің кешігуі туралы шағым көбейген.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев жағдай ерекше бақылауда екенін, ал кешігулер теміржолдардағы жөндеу жұмысына байланысты туындағанын айтты.

«Бұл жағдай жолдардың жөндеуіне және жолаушылардың қауіпсіздігіне байланысты. Соңғы 2 жылда жөндеу жұмыстарының көлемін 2-3 есеге арттырдық. Жолаушылар алдындағы қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – деп түсіндірді Нұрлан Сауранбаев.